Атеист неге атеист?

Oinet.kz 29-07-2019 4594

4c670fdc080352a751b5396206744b88.jpeg

Өздеріңіз білетіндей,  өздерін Құдайға және жалпы діни идеологиялық жүйеге сенбейтін адамдарды атеист деп атайды. Мүміннің көзқарасы бойынша, атеистер екі топқа бөлінеді - тыныш атеисттер және соғысшы атеисттер. Біріншілері олар өмірлерінде дінге деген махаббатын және сенімін оятатын қандай да бір жағдай орын алмаған адамдар. Ал, екіншілері олардың дінге деген көзқарастары зұлым келетіндер, тек өздері сенбесіне қоймай, басқаларды да Құдайдың жоқтығына дәріптей жөнелетін діни білімсіздер.

Американдық, британдық, канадалық ғалымдар адамдардың қашан және неліктен құдайға сенулерін тоқтататынын анықтады. Зерттеудің нәтижесінде құдайға сенуден бас тартуға адам өміріндегі бірнеше факторлар әсер ететін болып шықты: ата-анасымен қарым-қатынасы, тұрмысы, психикасына зиян келтіретін құбылыстар сияқты т.б.

Зерттеуге 5000-ға жуық атеист жұмылдырылды. Және олардың бірталайының ата-аналары діндар адамдар болғаны, алайда жасаған істерінің сөйлеген сөздерімен сәйкес келмеуі олардың сеніміне шүбә келтірген, немесе тағы жартысының отбасы діни орындарға бармаған, құлшылық жасамаған, балаларда кішкентайынан ешқандай діни түсінік қалыптаспаған.

2016 жылы жарияланған тағы бір жұмыста американдық зерттеушілер адамдардың атеист болуының ең кең тараған себептерінің алтысын анықтады. Бұған шіркеуді саясаттандыру, жыныстық жанжалдар, шіркеудің азшылықтарға деген теріс қатынасы әсер етеді. Жоғары білімі бар адамдар, сондай-ақ атеистік отбасында өскен немесе діни ілімнен көңілі қалған адамдар да сенімге бейім емес.

Әлемде миллиардтан астам атеист бар және алдағы онжылдықтарда бұл сан өседі деп күтілуде. Pew зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, 2060 жылға қарай олардың саны 35 миллионға өседі, алайда әлем халқы мен діни қауымдастықтар тез өседі, сондықтан жер тұрғындары арасында атеистердің үлесі 16% -дан 13% -ға дейін төмендейді.

Атеистер негізінен ішінара да бірнеше көзқарастармен ерекше. Мәселен, кейбірі Құдайдың барына сенбесе, басқаларында сенім деген түсініктің өзі таяз. Өздерін атеистпіз деп айтатындардың біразы Құдайдың барына сенеді екен. 

Діндар адамның пікірі

Көбінесе бұл жағдай қарапайым надандықтан туындайды. Мақтаншақ адамдар өздерін басқаларға қарағанда жақсы және ақылды санайды, дегенмен олар рухани әдебиеттерді ашуға және сұрақтарына жауап іздеуге тырыспады. Нәтижесінде, адам басқаларға толық жауап бере алмайтын сенушілердің надандығын пайдаланып, әлемде құдай жоқ екенін дәлелдей бастайды.

Атеистің пікірі

Адамдар көптеген себептер бойынша атеист болады. Құдайдың барына сеніп жүрген тіршілік иесінің сенімін жоғалтуға өмірін түбегейлі өзгертетін жағдай басынан өткенде бұрынғы сенуші: «Ол бар болса, неге көмектеспейді?» - деген сұрақпен сенімін жек көре бастайдыАлайда бір қызығы Құдайды жек көру үшін оған сену керек екені де бар, жоқ дүниені жек көру мүмкін емес. Қандай себеппен болса да Құдайды жек көретін адамдар атеист емес. («Атеист» дегеніміз - аты мен мазмұны бойынша, Құдайға сенбейтін адам.) Әрине, атеист дінді дәріптеушілерді, дінді ұнатпауы мүмкін, бірақ мүлде Құдайды жек көрмейд, дәл біздің ертегілердегі ханшайымдарды жеп қоятын айдаһарларды жек көрметініміз секілді. Себебеі біз айдаһарлардың барына сенбейміз.

«Діншіл адамдардың көбісі атеистер өздері атеистік жолды таңдайды деген қате түсінікте» делінеді, зерттеушілердің басым бөлігінің еңбектерінде. Олардың айтуынша, атеистер өздеріне өздері бұйрық береді: «Шындығында мен Құдайдың бар екеніне сенемін, бірақ мен сенбейтін адамдай көрінемін». Бірақ атеизм - бұл еркін таңдау емес. Адам бір күні таңертең оянып кетіп, «қой мен бүгіннен бастап атеист бола салайын» демейді немесе «орел» түссе сенемін, «решка» түссе «атеист» боламын деп өз-өзіне таңдау қоймайды. 

«Атеизм - бұл Құдайға қарсы бүліктің бір түрі» -, деу, мүлде абсурд пікір.

Құдайдың қалауымен өмір сүруге және өзгеруге дайын адамдар ғана, егер Ол бар болса, Құдаймен кездесуге лайықты.

Татуировканың тарихы
Әлемдегі 6 түсініксіз өсиет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу