Әлемдегі 6 түсініксіз өсиет

Oinet.kz 29-07-2019 1399

nasledstvo-14.jpg

«Эх, бай болсам бүйтер едім, сөйтер едім» дейміз. Ал, байлардың істейтін әрекеттері мүлде басқа, бәлкім сол үшін де бай болар.

Кейбір бай және атақты адамдар өздерінің соңғы өсиеттерін ерекше түрде білдіреді. Және олардың өсиеттері көпшілік үшін нағыз сенсация мен үлкен шокқа айналған жағдайлар бар. Олардың басты мақсаты қандай болмасын, олар бір нәрсеге қол жеткізді - көптеген жылдар өтсе де, олардың есімдері әлі күнге дейін танымал.

Самуель Братт

Өмірінде шылымға тәуелді болған атақты миллиардер мистер Братт, әйелінің тарапынан шылым шекпеуі жөнінде қысым көріп отырған. Әйелінен кек алу мақсатында Самуель өлер алдындағы өсиетінде әйелім күніне тек 5 тал шылым тартса ғана бүкіл байлығымды қалдырамын деп жазған екен. Самуель Браттың сол кездегі қаражат қоры 330 000 фунтқа бағаланған екен. Ал, әйелі бас тартты ма екен, сіз ойланып көріңіз...

Леона Хемсли

Ерекше миллионердің соңғы еркі: қайтыс болғаннан кейін немерелері 5 миллион доллардан алуы керек еді, бірақ оның сүйікті иті немерелерінен екі есе көп. Ол кеткенде, Хемслидің өтініші бойынша, жануарды бір жарым миллион долларға арнайы кесенеде көму керек.

Генри Форд 

Әйгілі магнат қайтыс болғаннан кейінгі өсиетінде  қайырымдылыққа жарты миллиард доллар қалдырды. Ол ақшасының 4 мыңнан астам білім беру және қайырымдылық мекемелеріне түсуін бақылауды тапсырған. Бүгінде бұл тарихтағы ең үлкен жасалған қайырымдылық болып қалыпты.

Джин Роденберри

«Звёздный путь» франшизасының директоры «фантастикалық» жерлеуді ұйымдастырды. Көзі тірісінде оның денесінің күйдірілгенін, күлдің ғарышқа тарап кеткенін тіледі. Роденберидің қалауы орындалып, ғаламның зерттелмеген кеңістігіне жөнелтті.

Анджел Пантойа

Пуэрто-Рико зорлықты өліммен көз жұмған. Кімнің қолынан екендігі әзірге белгісіз. Жәбірленушінің ағасы марқұмның әкесінің үйінде тұрып, аяғынан нық тұруын қалайтындығын айтты. Туыстары оның ерекше өсиетін орындауды жөн көріп, олар Пантаойдың бальзамдалған денесін анасының үйінде тік күйінде қалдырды. 

Генрих Гейне

Әйгілі поэт өмірінің соңына дейін ұрысқақ, ұсқынсыз, пайымсыз етікшінің қызына үйленгеніне өкінумен өткізеді. Өсиетінде Гейне әйеліне мал-мүлкін басқа адамға тұрмысқа шықсын деген шартпен ғана табыстайтынын айтқан. Поэттің бұл әрекеті өмірде өзін түсінетін, өліміне қайғыратын бір адамның болғаны қалап жасағаны мәлім болған.

Атеист неге атеист?
Карма заңдылығын өзгерту жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу