Мәшһүрдің соңғы үш өсиеті

Oinet.kz 18-09-2024 593

«Жетпіс үшке келгенше балталасаң да өлмеймін, жетпіс үштен асқан соң майға бөлеп қойсаң да әрі өмір сүрмеймін» деп елу жасында айтқан сөзі екен. Мәшһүр атаның үлкен баласы Шәрәпиден соңғы жылдары ешқайда ұзап жолға шықпай үнемі әкесінің қас - қабағын бағуда болды. Бірақ, Мәшһүр атада ешқандай науқас белгісі жоқ, әрі көңілі де сергек еді. 

Screenshot_37.jpg

Мәшһүрдің өмірінен хабардар болғысы келген көрші ауылдас ақсақалдар, тіпті алыстағы жекжат ағайындары да жиі келіп-кетісіп жатты.

– Қимайсыңдар, білемін. Құдай аламын дейді, ал Шәрәпиден мен Зейнеп бермеймін деп әлек, әй қайдам, – деп күліп қояды екен.

Сондай күндердің бірінде, яғни 1931 жылдың жаз ортасынан қарай: – Мәшһүрмен қоштаса берулеріңе болады, тіршілігімде бата жасаңдар, қолымнан келіп дәм татыңдар. «Тұрымтай тұсында» деген заман болды, кімнің қандай жағдайда болары белгісіз, өз көзіммен көріп, батаға қатысайын» деп құлақтандырып та жіберді елді. Алғашында қадама - қадама болып келген адамдар легі кейін үлкен ас беру рәсіміне айналып кетеді. Мәшһүр әр ас соңынан кейін бата жасап, қолын жайып: – Көпейұлы Мәшһүрдің ол дүниеде бетінен жарылқасын, – деп қарқ-қарқ күледі екен. Міне, бұл Мәшһүр көзі тірісінде жасап кеткен өсиетінің бірі еді.

Мәшһүр өмірден өтерінен бірер жұма бұрын сол кездегі өзіне көңілдес-ауылдас серіктері болған Еламан - Есмағанбет ұрпағынан тараған Жүсіпті, Құдияр атасынан ұста Мәшірапты, Түлкі молланы, Құлшәріп дуананы шақыртып алдырған болатын. Ақ жуып, арулап қоюды да соларға тапсырған. Тек дәрет суын тіршілігімдегідей келінім Ақзейнеп баптап тұрсын, өлі денеге де бап керек, – деген екен. Ол аманаты да орындалды.     

Асыл Айдарұлы

Телефон пайдалану ми қатерлі ісігіне шалдықтыратыны рас па?
«Біздің қоғам - дамымай қалған қоғам»: Дархан Әбдік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу