Карма заңдылығын өзгерту жолдары
Карма – себеп-салдар заңы. Сондықтан адам баласы өткен өмірінде не істеген болса, болашақта соны көретін болады. Бүгіннің жемісі – ертеңнің азығы. Қысқасы, әрбір әрекет нәтижеде өз жемісін береді. Жақсыдан – жақсы, жаманнан – жаман шығады,- деген түсінік.
Карма заңы бойынша бұл өмірде атқарылған амалдар, іс-әрекеттер жанды заттардың, адамдардың, жануарлардың тағдырына елеулі әсер етеді және олардың қайта денеге айналуында маңызды рөл атқарады. Яғни адам баласы өз жағдайларын өз амал-әрекеттері арқылы жасайды. Жақсы адамның әрекеттері жамандыққа ойысып бара жатса – бұл бұрынғы өмірінде істеп кеткен жаманшылығының нәтижесі, ал егер жақсылыққа қарай бет алса – онда ол адам бұдан бұрынғы өмірінде істеген игі амалдарына байланысты жақсылық істейді. Адам бұрынғы өткен өмірінде не ексе – келесі өмірде соны орады.
"Карма" сөзін қазақшаға аударғанда: " не ексең соны орасың", " жақсылық етсең өзіннен, жамандық етсең өзіннен. Тағдыр қылды дегенді, шығарамын сөзімнен", - десекте болар. Қолмен жасағаныңды, мойынмен көтересің.
Заңдылықты қалай өзгертемін:
- Ол да тек қана өзіңізге байланысты. Медитация жиі жүргізіңіз.
- Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат түнгі үште іштей, шынайы ықыласыңызбен " Та-Ха" деп 7-9 рет қайталап айтыңыз.
- Жаратқаннан біліп-білмей жасаған қателіктеріңіз үшің кешірім сұраңыз. Яғни "Истихара" дұғасын:
«Аллаһумма инни астахи-рука биъилмика, уә астақди-рука биқудратика, уә әсәлукә мин фадликал ъазим, фә иннәкә тақдиру уә лә ақдиру, уә таъламу уә лә аъламу, уә әнта ъалламул ғуйуб. Аллаһумма ин кунта таъламу әннә һәзәл амра хайрун ли фи дини уә маъаши, уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фақдурһу ли уә яссирһу ли суммә бәрик ли фиһи, уә ин кунтә таъламу әннә һәзәл амра шаррун ли фи дини уә маъаши уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фасрифһу ъанни уасрифни ъанһу уақдур ли хайра хайсу кәнә суммә ардыйни биһ», - оқыңыз.