Науқас операциядан соң қалай 139 келі салмақ тастаған?
Сурет ашық дереккөзден алынды.
1951 жылы Чикаго ауруханасында 58 жастағы әйелге жасалған ота 96 сағатқа созылған. Науқастың аналық жыныс безінде үлкен көлемде ісік болған. Хирургтар пациенттің өзге ағзаларына зақым келтіріп алмас үшін және әйелдің қан қысымы төмендеп кетпесін деп ірің кернеген ісікті асықпай 4 күн бойы алды. Тәуекелге толы ота сәтті аяқталған. Бір қызығы, отаға дейін науқастың салмағы 277 келі болған. Ал операция үстелінен тұрғаннан кейін оның салмағы 138 келіні құрады.