«Тегін дәріні 140 мыңға сатып жатыр» Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрауда

Oinet.kz 02-12-2020

Әлеуметтік желіде Лара Шегай есімді қолданушы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға үндеу жасады. 

Қолданушы қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастың мәселесі туралы жазба қалдырған. Анель Қайырстанова есімді бес баланың анасы сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығып, мемлекеттен көрсетілетін тегін көмекке қол жеткізе алмай жүргенін айтты ол. 

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел.jpg

"Алексей Цой, назар аударуыңызды өтінемін. Мен бұл келіншекті жақсы білемін өте төзімді әрі мықты еді. Бірақ видеода оның төзімі таусылғаны байқалып тұр. Бұл келіншек - Анель Қайырстанова. Оның бес баласы бар. Қазір қатерлі ісіктен емделіп жатыр. Оған бұл ем оңайға соққан жоқ. Ол өзі тұрып жатқан пәтерді сатып емделді, оның үстіне ауруы туралы естіген күйеуі оны бес баламен тастап кетті", - деп жазды қолданушы. 

5 баланың анасы күнделікті тегін берілетін қатерлі ісікке арналған дәріні ала алмай жүр. Осылайша Шегай бұл мәселені шешу үшін министрге жүгінген. 

"Мейірімді адамдардың арқасында Кореяда емделуге қаржы жиналды. Бірақ қазір де ауруын асқындырып алмау үшін 140 мың тұратын "Золодекс" препаратын қабылдау керек. Мемлекет ремиссия кезеңіндегі науқастарға 140 мың тұратын дәріні тегін беретінін айтқан болатын. Бірақ тегін дәріні дәріханаларда сатып жатыр. Көмек беріңіздер. Соңғы күш-жігері қалғанша өмір үшін күресіп жатқан адамдар не істейді?" - дейді Шегай. 

Ал Анель Қайырстанова мемлекет басшысына видео арқылы үндеу жасап, көмек сұраған. Үндеуінде келіншек дәрі-дәрмек мәселесін шешуіді сұрап, науқастарға таратылатын препараттарды қадағалауды өтінген. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы, маған көмектесуіңізді өтінемін. Өзімнің дәрі-дәрмегімді ала алмай кетіп барамын. Қашанғы шыдауға болады. Менің намысымды жерге таптап жатыр. "СК Фармацияның" мәселесін шешуіңізді өтінемін. Бұған кім жауапты екенін білмеймін", - дейді Анель Қайырстанованың өзі. 

Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Олардың сөзінше, Анель Қайырстанова белгіленген уақытта дәріні алып кетпеген. Қолы бос болмағандықтан келіншек дәріні біраз күннен кейін бірақ алған. 

"Анель Қайырстанова сағат 12.00-де келді, оған дәрі сағат 15.00-де келетінін айттық. Препарат келген кезде біз хабардар еттік. Ол кісі уақытының жоқ екенін, дәріні кейін алып кететінін түсіндірді. Бүгін ол дәріні алып кетті", - деп пікір білдірді денсаулық сақтау басқармасы. 

Дереккөз: Stan.kz

Тоқаев халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған жоқ
Саясаткер Ермұрат Бапи белсенді Сәмбетайды шықшытынан ұрып, ішінен тепті (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×