Адамның салған суретіне қарап шынайы көңіл-күйін қалай білуге болады?

Oinet.kz 31-07-2019 1654

mqdefault (1).jpg

Сурет терапиясы- күйзелісті басып, түрлі фобиялардан арылуға, қиялды ұшқырлауға, түрлі көңіл-күйді ашық көрсетуге бағытталған ем түрі.  Адамның бейнелеу өнері емінде алғаш салған сурет-өмір туралы түсінігін ашады. Тіпті бақылаушының ойын шалғытуға бағытталған суреттерден кейін адам ішкі сырын келесі жолы салған суреттерінде еріксіз салады екен. Сурет салу барысында қолданған түстеріңіз сіздің көңіл күйіңізді көрсетеді. Бір парақ алып, түрлі-түсті бояумен сурет салып көріңіз.  Өзіңіздің қай түсті басым қолданғаныңызды анықтап, психологиялық күйіңізді сараптасаңыз болады.

mqdefault.jpg

Көк- тыныштыққа ұмтылатын, бірақ оңаша күйде сирек қалатын тұлғаларға тән талғам.

Қанық жасыл- өзіне деген сенімді арттырғысы келетін, батыл болуға ұмтылатын адамдарға тән түс.

Қызғылт немес қызыл- бұл түсті өміріне үлкен өзгеріс енгізгісі келетін адамдар жиі қолданады.

 Ашық сарыкөңілді жүретін, ашық мінезді адамдар жиі қолданатын реңк.

Тоқ сары- жоспарсыз жүретін индивидтер жиі қолданатын реңк. Бұл типтегі адамдарға болашаққа деген сенім мен үміт жетіспейді.

 Жасыл- мейірімділі, жұмсақ мінез иелерінің таңдауы. Десек те, бұл типтегі адамдарда амбиция жоғары болады.

Ашық қызыл-жеңіске жетуге деген табандылықты  аңғартады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Науқас операциядан соң қалай 139 келі салмақ тастаған?
Матаның түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу