Сандар да алдайды

Oinet.kz 01-08-2019 1188

9p__statistika_d_850.jpg

Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика. (Марк Твен)

Біздің айналамыздағы мағынасыз және жалған ақпарат көп, сондықтан біз статистиканы жақсы көреміз, бізге құрғақ фактілер риторикадан объективтіге ұқсайды. «Как лгать при помощи статистики» кітабының авторы Даррелл Хофф сенімге лайық ақпаратты әдемі сандар сізді шатастырудың керемет тәсіліне айналатын жағдайлардан қалай ажыратуға болатынын түсіндіреді.

Егер біз белгілі бір нәрселердің орта есебін білгіміз келсе немесе жай ғана көпшілік адамдарға ұнайтын музыка немесе тағамды көру ниетімен біз статистикаға жүгінеміз. Статистикалық зерттеулермен кім және қалай айналысады? Біз ойлаймыз ғой, бұлар бәрін шын жасап жатыр, қорытындыларды жоғалтпайтынына кепілдік бар деп. Олай болса, неге мызғымас шындықтың теріс тұсын жиі көреміз? (ақылға қонымсыз) Бұл шындық ауыспалы статистика арқылы алынған жоқ па?..

Қазіргі уақытта статистикалық зерттеулер – ең танымал ақпарат көздерінің бірі. Теорияға терең енгізу және деректерді операция жасау талап етілмейді. Көбінесе статистиканы біз үшін зерттеулерді жүргізген адамдар жасайды.  Аздап зиянсыз өтірік даусытар да, байқамай қосылып кетіп жатады...  

Бірде бір статистика көзге шалынды. «Азаматтық некеде тұрып жатқандардың саны қанша?» Жақсы, қанша екен? Жауабында әйел адамдар ерлерге қарағанда азаматтық некеде көп тұратыны белгілі болыпты-мыс. Сонда былай болып тұр ғой, әйелдер азаматтық некеде тұрса азаматтық неке де ерлер тұрса жәй көңіл көтеру... Немесе әйелдер жалғыз өмір сүрсе азаматтық неке деп аталады ма екен...

Сандар да алдайды. 

«Әр адам миының 10 %-ын ғана жұмсайды екен». Кішкентай кезінде бәрі осы статистиканы естіген болар, кейбіріміз әлі күнге дейін, тіпті дәл қазіргі сәтке дейін сеніп келдіңіз.

Сіз, әрине, бұл статистиканы бала кезінен жүз рет естідіңіз. Ал егер миды толығымен жұмыс істетсек, жынды боламыз немесе адамның ішкі ағзасына дейін көре алатын ақылды боламыз деп ойладыңыз. Алайда бұл процент қайдан келген процент?

Неге бұл бос сандырақ?

Өткен ғасырдың нейробиологтары адам мидың қандай да бір бөлігінсіз өмір сүре алатынын (ал сіздің жек көретін көршіңіз мүлде мисыз өмір сүріп жүргеніне де куәсіз) бірнеше рет дәлелдеген. Бұл біз миды толығымен емес, ішінара пайдаланамыз деген жаңылыстыруға әкелді. Содан кейін барып пайда болған, осы 10%.

Осы секілді қисынсыз статистикаларға сенудің қажеті жоқ. Статистикаға сенуге болады, тек статистика қанша адаммен өткізілгенін, кімдердің қатысуымен өткізілгенін көріп тұрсаңыз. Ал егер аспаннан алынған бір-бірімен қол ұстасып тұрған сандар тібегін ғана көзіңіз шалса оны статистикаға жатқызудың қажеті жоқ. Нақты статистикалық сандар өте аз. Нақты статистикаға бір мысал: Сіздің саусағыңыз – он!

Жыртылған ақшалардың тағдыры қалай шешіледі?
Есте сақтау қабілетін қалай жақсартса болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу