Жыртылған ақшалардың тағдыры қалай шешіледі?
Ақша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап етеді. (сол үшін де болар балаларға ұстатпайтындығы) Ақшаға әрқашан мұқият болу қажет, ақшаның үйі әмиян, ешқандай да артқы қалта, қойын қалта емес. Ол тазалықты, сый-құрметті жақсы көреді. (дейді енді, бәзбіреулер)
Уақыт пен жағдай ақшаға аяусыз танытады: банкноттар тозады, ластанады, жыртылады және біртіндеп істен шығады, яғни төлем қабілеттілігін жоғалтады. Қағаз ақшалар өзінен-өзі жүріп барып, секіріп, кір жуатын мәшиненің ішіне түсетіні бар, өзінен өзі...
Зардап шеккен купюраны дүкендерге қандай жағдайға жеткенге дейін өткізуге болатынын, қандай ақша өз мерзімін өтегенін және төлем қабілеттілігінен айырылғанын қалай анықтауға болады?
Зақым келген ақшамен не істеуге болады?
Егер де ақшаңызға қатты зиян келмесе, яғни кірленіп, қатты ескіріп, суреттері ашық түске еніп, шеті 1 см дейін қияылып қалса, сіздің ақшаңыз әлі де болса, төлем жасауға қабілетті
Ал, скотч қолданылса, орта белінен қиылса, ақша өзінің бір бөлігін жоғалтса купюраңызды кез келген банкке алып барып, ауыстырып алуға құқылысыз.
Сізге банк кассасына келу жеткілікті. Егер кассир банкнот немесе монетаның төлем қабілеті бар екенін растаса, онда сізге оларды қолма-қол ақша беріп, жаңасына айырбастайды немесе сіздің есепшотыңызға ақша аудара алады. Кейде алмасу үшін банк мекемесінде қосымша сараптама қажет болады және сіз төлем қабілеттілігі туралы ресми қорытындыны күтуіңізге тура келеді.
Ұлттық валютаның бүлінген ақша белгілерін мыналарға бөлуге болатын ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау
қағидалары мен анықталған зақымдарға ие ақша белгілері:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» №2155 Заңының 46-бабына сәйкес Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде 70 процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және екінші деңгейдегі банктер шектеусiз айырбастайды.
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысымен бекітілген Ұлттық валютаның бүлінген ақша белгілерін айырбастау Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.
Ол үшін азамат/ша зақымданған банкнотын алып Ұлттық банкке немесе кез келген екінші деңгейлі банкке барып, айырбастауына болады.