Баспалдақтан жаяу көтерілудің пайдасы қандай?

Oinet.kz 01-08-2019 1326

bb784a0cb2ca29d0336ffc1d01422f15.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Жаяу жүрудің пайдасы туралы зерттеулерді Гиппократтан бастауға болады. Ол осыдан 2400 жыл бұрын «Жаяу жүру – адам үшін ең бірінші медициналық көмек» деп айтқан. Сондай-ақ ғалымдар жаяу жүру секілді баспалдақтан көтерілу де адам денсаулығы үшін маңызды екенін айтады. 

 Канадалық ғалымдар 64 жасқа дейінгі 17 адамды арнайы тәжірибеден өткізіпті. Тәжірибе барысында баспалдақпен жоғарыға көтерілген адамдар басқа жаттығуларға қарағанда 50 пайыз көп қуат жұмсаған. Сондықтан теппешекпен жоғарыға көтерілу адам денсаулығына өте пайдалы. Мамандардың айтуынша, күнделікті 8-қабатқа жаяу шығатын адамдар арасында өлім қаупі жеделсатымен көтерілетін «жалқаулардан» 33 пайыз аз кездескен.


Тренингтерге қатысу маңызды ма?
Жыртылған ақшалардың тағдыры қалай шешіледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу