Дастарқанға бата қайыру кімнен қалған? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 825

бата қайрыу.jpg

Mәлике: Дастарқанға бата қайыру кімнен қалған?

Әбілда: Жебірейіл періштеден қалды. Бір күні Жебірейіл періште Ыбырайымға уахи ала келді. Ыбырайым тамақты жалғыз іше алмайтын еді. Екі күннен бері нәр татпай отырған. Ол Жебірейілді көріп қуанып кетті де, оны төрге сүйреді. Жебірейіл: «Мен – періштемін. Бұ дүниенің тамағын ішпеймін. Себебі, бұл дүниенің өз тәртібі бар. Бес күн жалғанда ішкен-жегеннің, көрген қызықтың есеп-қисабы бар. Ертең мақшар алаңында бұл пәнидегі ішкен-жегеннің сұрауы болады. Сондықтан дастарқаннан ас татпаймын», – деді. «Ендеше ас ішіп болған соң дастарқаныма бата беріп, отбасыма дұға етесің. Астың өтеуі сол болсын!», – деді. Жебірейіл келісті. Дастарқан басында екеуі сырға толы рухани сұқбат құрды. Періште Ыбырайымның ықылас-пейіліне риза болып, астан соң дастарқанға бата жасап, дұға етті. Осыдан бастап астан соң дастарқанға бата жасап, дұға тілеу салты пайда болды.

«Мың сұрақ» кітабынан

Зәмзам қалай пайда болды? (аңыз)
Піл оқиғасы (аңыз, хикаят)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу