Сегіз әйел жабылып жатыр жалғыз еркекке
28-05-2022
Ханафи мәзһабында тума алтын-күміс, алтын-күміс әшекейі және алтын-күміс ыдыс-аяқтан зекет беріледі (Жәуһаратун нәйира, 2/198).
Имам Шафиғи: «Кез келген әшекейді тағуға рұқсат етіледі және оған зекет берілмейді», – деген (Муғни әл-мұхтаж, 1/390).
Ханафи мәзһабы бұл үкімде мына хадисті негізге алады:
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолына алтын білезік таққан екі әйелді (Асма бинт Язид пен оның қызын) көреді. Олар Қағбаны тәуап жасап жатқан еді.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер мына әшекейдің зекетін бересіңдер ме?», – деп сұрайды.
Олар: «Жоқ», – деп жауап береді.
Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла қолдарыңа тозақ отынан жасалған екі білезік таққанын қалайсыңдар ма?, – деп тағы сұрайды.
Олар: «Жоқ», – деп жауап береді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олай болса, оның зекетін беріңдер», – дейді (Тирмизи, Әбу Дәуіт, Нәсаи).
Демек, әйелдер өздерінің алтын-күміс әшекейлерін басқа дәулетіне қосып, зекетті есептеп шығарады. Яғни, алтын-күміс әшекейі, қағаз ақшалар, сауда заттары және қажеттіліктен артық байлықтарын бірге есептеп, жалпы соманың 2,5 пайызын зекетке беру міндет болады.
Ал, жақұт, маржан және гауһар сынды әшекейлерден зекет берілмейді. Бірақ, сауда затына айналған жағдайда, олардан да зекет беру міндет болады (Фәтәуаи Һиндия, 1/241).
дереккөз: muftyat.kz