Қудси хадис деген не?

Oinet.kz 10-08-2020 1286

Араб тілінен аударғанда "қудси" сөзі "қасиетті", "қастерлі" және "құрметті" деген мағыналарды береді. Шариғат термині ретінде қудси сөзі "Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла тағалаға теліген сөздері" деген мағынада қолданылады.[1]Яғни Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Алла тағаланың сөзін риуаят етуші қызметін атқарады. 

Факсимильные издания рукописей Корана | Исламосфера

Мысалы, 

1. Әбу Дарда мен Әбу Зәрр (Алла ол екеуіне разы болсын) Алла елшісінен(с.ғ.с.), ол Алла тағаладан (жеткізген қудси хадисте), Алла: 

"Ей, адам баласы! Маған күндіздің алғашқы бөлігінде төрт ракағат намаз оқы,[2](сонда) соңғы бөлігінде саған Мен жеткіліктімін", – деген.[3] 

2. Алла елшісі (с.ғ.с.): "Алла тағала: "Мен құлымның мен туралы ойындағыдаймын. Ол мені есіне алса, Мен онымен біргемін. Егер мені ішінен еске алса, оны Өз ішімнен еске аламын. Ал егер мені көпшіліктің алдында еске алса, оны Мен одан да жақсы көпшіліктің ішінде еске аламын", – деді", – деген.[4] 

Осы анықтамадан нәбәуи хадис пен қудси хадистің айырмашылықтары түсінікті болады. Яғни Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) "Алла айтты" деген мағынада келтірген хадистері қудси хадистер, ал Алла тағалаға телімей, өзі айтқан хадистері нәбәуи хадистер болып табылады. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=45

Алтын және күміс әшекейден зекет беру міндет пе?
Құранның бөлек-бөлек түсуінің сыры мен даналығы неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу