Сегіз әйел жабылып жатыр жалғыз еркекке

Oinet.kz 28-05-2022 1366

Ұйықтап жатырмын. Бір кезде Хатун оятады. Көзімді ашып оянсам, түнгі 04-00 жоғарыда төбелес басталыпты. Еркектің боқтағаны, әйелдің шыңғырғаны, нәрестенің жылағаны, ыдыс-аяқ пен жиһаздың сынғаны. Дүрс-дүрс, быт-шыт ...

Screenshot_14.jpg

Түсінікті болу үшін: - Жоғарыда 2-бөлмелі пәтерде 9 адам тұрады. Күйеуі мен әйелі және 4 қызы бар. Оған қоса әйелдің шешесі, ажырасып қайтып келген сіңілісі және оның кішкентай қызы.

Жоғарыдағы дауыстар үдеп, градус көтеріле бастағанда Хатуным: "Мынау әйелін өлтіреді ғой, барып келші" деді ... Сол кезде мен қолыма домбырамды алып бүй дедім:

Сегіз ару жабылып жатыр еркекке

Тоймады ол сері өмірдегі ермекке

Сегіз ару асырау оңай деп пе едің

Бармаймын мен оларға көмекке

Аһааау-игигай игииигай ... деп ұйықтап қалдым.

Мерей Заманбекқызы анасына ризашылығын білдірді
Түркістанда «Talqylau» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу