Күйеуім мен абысынымнан мұндайды күтпеп едім
18-06-2024
Шариғатта «бәйбіше», «тоқал» деген ұғым жоқ. Екеуінің де құқығы бірдей. Екінші әйел алуға ниеттенген еркекке қойылатын талап – екі әйелінің арасында теңдік, әділдік орнату. Яғни, әлеуметтік жағынан, моральдік тұрғыдан, баспана мәселесінде, төсек қатынасында да бір әйелге басымдық берілмеуі тиіс. Сол сияқты, бірінші мен екінші әйелден туған балалардың құқықтары да бірдей.
Көпкүйеулікке шариғатта қатаң тыйым салынған. Әйел адам тек бір еркектің жары бола алады. Одан басқа әрекет – зинақорлық, ауыр күнә. Сондықтан, бұл бастаманы қолдамақ түгілі талқылаудың өзі әбестік.
Ерсін Әміре
«Теріскей» мешітінің имамы