Макияжда ең көп жіберілетін қандай қателіктер?

Oinet.kz 21-09-2020 899

Макияждың көмегімен бір сәтте беттегі кемшіліктерді жасырып, артық тұстарды айшықтай алатынымыз жасырын емес: қабақты үлкейтіп, көзді күлімдетіп, әжімдер мен дақтарды кетіріп, жүзіңізді жасартып аласың лезде. Алайда, макияждың барлығы сізді әдемі қыла бермейді, табиғи сұлулығыңыз бен сүйкімділігіңіз бояудың астында қалуы мүмкін. Макияж жасауда жиі жіберілетін қателіктерді атап өтейік.

image.png

Тоналды кремді көп жағу

image.png

 Бетке әжім, дақ, безеу шыға қалса, бірден тоналды кремнің көмегіне жүгінеміз. Ештеңе көрінбесін деп, үстін-үстіне жаға береміз, жаға береміз. Сондықтан беттегі «қиын» (безеулі, дақты) жерлерде тоналды крем көп жағылады да, дәл сол жер бірден көзге түседі.

image.png

Күңгірт (матовый) тоналды крем әжімдердің арасына кіріп кетеді де, кемшіліктерді одан сайын айқындай түседі. Екі не одан да көп қайтара жағылған тоналды кремдер бетте маскаға ұқсап қалады да, жасты тым үлкейтіп көрсетеді.


Тушьті тым көп қолдану

image.png

 «Бұл – қиындық емес, сүрте саласың, суға шыдамды сүрме (тушь) жаға саламын» дерсіздер. Суға төзімді сүрмелерді жаққан сайын кірпігіңіз құрғап, жұқарып, қысқара түсетінінен хабарсыз боларсыз. Өйткені, құрамында химикаттар өте көп. Ал қарапайым сүрме көзде көп сақталмай, айналасына жағылып шыға келеді. Сондықтан көздің кірпік тұрған үстіңгі қабағын іш жағынан қанық қоңыр қарындашпен ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына дейін жақсылап бояңыз. Кірпігіңіз қалың әрі көлемді болып көрінеді, қарапайым күнде сүрме қолданбасаңыз да болады.

Астынғы кірпікті бояу

image.png

Визажистер қандай жағдай болса да, астынғы кірпікті боямауға кеңес береді. Бұл – түрді бірнеше жасқа ұлғайтып көрсететін бірден-бір жол. Сондай-ақ астынғы кірпік боялса, көздің айналасындағы қара дақтар бірден көзге түседі. Одан да көздің үстінгі кірпігін әдемілеп қайырып, сүрмемен мұқият бояп шықсаңыз, әлдеқайда жас көрінесіз.

 Тым ашық рең

image.png

 Бет терісінің өз түсінен ашықтау түсті тоналды крем, опа жаққанда сыртқа маска киіп алғандай көрінесіз және ашық түстер беттегі әжімдерді айқындап тұрады. Тіпті өз теріңіз сары, ақ болса да, қоңырлау, қанықтау түсті опа, кремді пайдаланыңыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Теріге күтім жасаудың 10 кеңесі
Сәнді белбеу арқылы қалай талғампаз көрінуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу