Shiza шымкеттіктерден кешірім сұрады

Oinet.kz 20-06-2022 1375

Shiza лақап атымен танымал әнші Асхат Жолшиев Шымкент тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрады. Орындаушы Алматыда өткен "Ирина Кайратовна" тобының ән кешінде мемлекеттік туды қолына орап, қорлаған еді. Рэпер Шымкентте қала күніне орай Әл-Фараби алаңында өнер көрсетті, деп хабарлады Oinet.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме тастап.

Screenshot_7.jpg

Ол көпшіліктің алдында Алматыдағы әрекеті үшін кешірім сұрады. 

"Кімнің басынан өтпейді? Сіздерге қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, Шымкент. Барлығы қателеседі, барлығымыз адамбыз. Кешіріңіздер",  – деді әнші. 

Бұдан кейін экраннан тудың суреті көрсетіліп, мыңдаған шымкенттік "Желбіретіп көк туды" әнін Асхат Жолшиевпен бірге орындады. Рэпер өз альбомынан екі трек айтты. 

Елдің қошеметіне қарағанда, шымкенттіктер әртісті кешірген. 

"Бақытсыздың ең сорақы көрінісі": Ақбота-Нұр адам көргісіз суретін жариялады
Қарапайым келіншек дүйім елді әуезді үніне елітіп, тәнті етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу