Диеталық қарақұмық палауы

Oinet.kz 09-09-2020 800

image.png

Қажетті заттар:

- 250 гр тауық еті

- 1 стақан қарақұмық

- 450 мл су

- 1 шт пияз

- 1 шт сəбіз

- 2 ас қасық зəйтүн майы

- тұз, бұрыш , дəмдеуіштер

1. Тауық етің турап, жуып аламыз. Қазанға зəйтүн майын құйып, суы кеткенге дейін тауық етің қуырамыз.

2. Тауық етінің суы кеткенде майда туралған пиязды салып, аздап қуырып аламыз да, үккіштен өткен сәбізді қосамыз.

3. Сәбіз қуырылғанда су құямыз. Су қайнағанға дейін қарақұмықты жуамыз. Су қайнаған кезде дəміңе қарай тұздап, бұрыштап, дəмдеуіштер қосамыз. Сорпа дəмің дұрыстап қарақұмықты саламыз. Араластырып, қақпағы ашық күйінде 15-17 минуттай бұқтырамыз.

Қарақұмық палауы дайын.

Аскөк сеуіп дастарқанға ұсынамыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Асханадаға айла: тағам қалдығынан не әзірлесе болады?
Розочка - мəнтісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу