Қазақ тілінде қанша сөз бар?

Oinet.kz 01-08-2019 4002

Screenshot_13.jpg

ХІХ ғасырдың кезінде неміс ұлтынан шыққан шығыстанушы әрі түркітанушы В. В. Радлов: «Мен әлемдегі тілдер ішінен үш тілді ұлы тұтамын. Олар – орыс тілі, француз тілі, қазақ тілі», - деп жазады. Әлемді мойындатқан ғалымның бұл сөздері көп нәрсені дәлелдейді деп ойлаймын.

ХІХ ғасырдың тағы бір танымал шығыстанушысы Платон Мелиоранский Радловтың сөздеріне үн қоса отырып: - «Қазақ тілінің түркі тілдер арасында ең бай тіл екенін барлық зерттеушілер мойындаған», - деген мәлімдеме жасайды.

Қазақ тілінің бірден-бір бай тіл екендігі жөнінде С. Малов, А. Брем, А. Янушкевич сынды әлемдік түркітанушылар да жазған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің сөздік қоры орыс тілі, эстон тілі, фламанд тілдерін қоса алғандағы сөздік қорынан да көп екендігін, қазақ тілінің әлемдегі ең бай тілдердің тізіміне енетінін көпшілік біле бермейді.

Тағы бір этностық неміс, орыс, неміс және қазақ тілдерінің білгірі Герольд Бельгер ең үлкен академиялық  17 томдық сөздікте орыс әдеби тілінің 120 мың 488 сөзі тіркеліп, түсіндірілгені, ал 4 томдық Даль сөздігіне көп мөлшердегі мәтелдер мен түсіндірмелерден тұратын 200 мың сөз сиятынын жазған. Сонымен қатар қазақ тілінің 10 томдық қана түсіндірме сөздігіне 2 миллион 550 мың сөз енгенін жазады. Өзіңіз ойлап көріңізші, бір тілде 2 миллионнан астам сөз!

Сонымен қатар Бельгер мынадай қызықты деректер келтіреді: Шескпир мен Байронның барлық туындыларын қоса алғандағы сөздер саны 15 мың сөз болса, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолының» бір ғана кітабында 17 000 сөз қолданылған.

Жиі қойылатын қазақ есімдерінің мағынасы
Планета бойынша ең алып қала Қазақстанда орналасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу