Планета бойынша ең алып қала Қазақстанда орналасқан

Oinet.kz 01-08-2019 1288

Screenshot_16.jpg

Ол қай қала деп ойлайсыз? Егер Қазақстандағы ең үлкен қала Алматы деп ойласаңыз қателесесіз. Ол тіпті сол жақ жағалаулық жаңа аудандары бар қала – Астана да емес.

Қазақстандағы жер аумағы бойынша ең үлкен қала – Қостанай облысындағы Арқалық. Оның аумағы ресми түрде 15 587 шаршы метрді құрайды. мұндай аумақ өзіне 22 Алматыны немесе 21 Астананы сыйғыза алады.

Жақын күндерге дейін Арқалық жер аумағы бойынша әлемдегі ең алып қала болып саналып келді және қазіргі күнде де солай есептеледі. Мысал үшін, Нью-Йорк қаласы аумағы бойынша Арқалықтан 10 есе кіші

Арқалық тарихи өлшемдер бойынша едәуір жас қала, 1956 жылы геологтар мен құрылысшылар ауылы ретінде негізі қаланған. Кейінірек бокситтік руда өндіру белсенділігінен қалаға айналған. Өркендеуінің шыңына 1980 жылдардың алғашқы жартысында жеткен. Бірақ солай болса да, орналасқан жері мен инфраструктуралық қамтамасыз етудегі қателіктер сбебінен 80-жылдардың соңына қарай қала құлдырай бастаған. Қазір бұл облыстық маңызы бар қала көлемі үлкен болғанмен, онда халық саны көп емес, небәрі шамамен 30 мың халық тұрады.

Бұл қаланың ең өзекті мәселесі – көліктік тасымалдың аздығы. 2012 жылға дейін бар-жоғы бір ғана тұйықталған Арқалық-Есіл темір жол тармағы болған. Сол себептен 2012-2014 жылдар кезеңінде ахуалды жақсарту мақсатында оңтүстік бағытта қосымша екі темір жол торабы салынған.

Қазақ тілінде қанша сөз бар?
Отқа салса жанбайтын ағаш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу