Отқа салса жанбайтын ағаш

Oinet.kz 02-08-2019 1513

Screenshot_2.jpg

Дүниежүзіндегі ең үлкен ағаштардың бірі саналатын Баобабтың ұзындығы 18-25 метр болса, жуандығы орта есеппен 10 метрді құрайды. Оның өмір сүру уақыты шамамен 1000-5500 жыл шамасында. Жуан ағаш қазан-желтоқсан айларында гүл ашады. Баобабтың гүлін әлемдегі ғұмыры ең қысқа гүлге теңеуге болатын шығар. Себебі  гүлі 20 сантиметр ұзындықта болып, бір ғана түн өмір сүреді. Алып, жайқалған гүлді адамдар бір күн ғана тамашалауға мүмкіндіктері бар. Ағаштың гүлі ерте солып қалғанымен жемісінің балдыры  қоректі әрі пайдалы болып келеді. Аминқышқылдарға, дәрумендер мен микро және макроэлементтерге, сондай-ақ табиғи қышқылдарға толы болады. 

Баобабтың жапырағы, балдыры мен дәндері емдік қасиеттерге ие. Бұл ағаштың үлкен құндылығы жоғары сапалы тағамдық балдырларда жатыр. Сондықтан Саваннада тұратын адамдар Баобабты "өмір ағашы" деп те атайды. Ағаштың діңі қуыстарға толы болғандықтан, жануарлар мен құстар өзге жыртқыштардан қорғану үшін сол жерлерде тығылады. Егер саванналарда өрт туындаса, дымқыл болып тұратын Баобаб жанбайды. 

Планета бойынша ең алып қала Қазақстанда орналасқан
Гүрілі қатты сарқырама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу