Ең құпия жаратылыс. Қара аққулар жайлы білесіз бе?

Oinet.kz 25-07-2019 1709

wallpapers_47881-e1411230326848.jpg

Елестетіңіз, ғылым мен білім барлық құбылысты «тайлы-тұяғымен зерттеп тастаған» Еуропа. Аққулар тек ақ реңкте болады деген пікірмен 1967 жылға дейін жүреді. Голландиялық Виллем де Вламинк экспидициясы  Батыс Австралияға сапар шегеді. Жағалау аймағында қап-қара аққулар байқалғанда, экспидиция мүшелері таңданысын жасыра алмайды. Демек, бір құбылыс жайлы максималды ой қорыту мүмкін емес. Жоғары белеске шыққан Еуропа зоологтары да осы жайтан соң есеңгіреп қалды. 

Қара аққулар қандай жаратылыс ?

*Қара аққу-үйрек және аққулар тұқымдасына жатады. Айта кету керек, бұл Австралияда тұратын аққудың жалғыз түрі. Аққулардың ұзындығы-110-140 сантиметр. Ал салмағы- 6 кг.

*Қара аққулар өте бейімделгіш құс. Тіпті су тоғандарында да өмір сүреді. Жазда жайлы болған жерінде, қыстап шығуы да ықтимал. Еуропаның көпеген елінде қара аққулар хайуанаттар бағының негізгі тұрғынына айналған.

Нассим Талебтің (Nassim Taleb) «қара аққу» теориясы бойынша өмірдегі бар жақсылықтар мен жамандықтар ойламаған жерден болады. Нассим Николас Талеб 2007 жылы «Қара аққу» кітабын жарыққа шығарады. «Қара аққу» теориясын мына критерийлер қамтиды: Оқиға күтпеген тұста орын алады, жағдаяттың таныс қырымен бейтаныс шешімге тап келтіреді.

«Қара аққу» теориясы көп жағдайда экономика саласында қолданылады. Бағаның тұрақсыздығы, нарық жайлы тұрлаулы пікір қаыптастыруды кейінге шегеруге негіздейді.

chernie_lebedi_1600-e1411230335558.jpg

Жағдаят: Сіз көрмегеніңізге көп жылдың жүзі болған досыңызды кезіктірдіңіз. Сіздер ХКО-ның кезегінде немесе, көшеде көрістіңіздер. Ол сіз бұрын білмейтін жерге қонаққа шақырды.

Пікіріңіз: Мектепте сабалағы шығып жүретін Айдос қой деп спорттық үлгіде кейіне салдыңыз. Кезігу орнын зерделеп қарамастан арзан тамақтану орталығы деп топшаладыңыз. Белгіленген уақытта біршама кешігіп бардыңыз. Себебі Айдос мектептегі сабаққа ылғи кешігетін. Ол де кешігеді деген ой орамды көрінді.

Айтылған орынға келдіңіз. Сервисі жоғары деңейдегі мейрамхана болып шықты. Биік әрі сәулетті есіктен түтігіп әрі қобалжып аттадыңыз. «Қалайша?» мен мектепте Айдостан жақсы оқыдым ғой деген сезім орныққан.

Орынға жайғастыңыз. Айдос классикалық үлгіде киінген. Қолында қымбат швед сағаты. Мектептегідей емес, Айдос халықаралық мәселелер, биржа, жалпы тұрмыстық әңгімелерді көкіді. Ал сіз оттың басын, ошақтың қасын айтуға дайындалдыңыз.

Қорытынды: Мысалға өзіңізді келтіру сізді мәнсіз вакуумға қамағандай эффект берген болар. Бірақ барлық жағдайда тұрақты оймен өмір сүру сізді дұрыс шешімге жуытпайды.

Жағдаят 2: Сіздің үйіңізге жақын 2 дүкен орналасқан. Сіз  бағасының тиімділігіне байланысты арзан нарық ұсынатын дүкенге барып жүрдіңіз. Бір күні тұрақты тұтынатын дүкеніңізде нан қалмай, екіншісінен алуыңызға тура келді. Алайда ол дүкенде наннан өзгесі арзанырақ екенін байқадыңыз.

Қорытынды:  Тек бір ғана факторға қарап шешім шығармау керек. Объекті жайлы пікірді жеті рет өлшеп қана шығару керек.  Шешімге келуге асықпаңыз. Сұрыптаңыз. Және шешіміңіздің уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін ұғыныңыз.

Көрнекі суреттер ашық дереккөзден алынды.

Таңдаған үйіңізге қарай мінезіңізді біліңіз
Тұтас материкте орналасқан жалғыз ел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу