Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
«Мадагаскар» мультфильмін тамашалаған боларсыздар. Онда неше түрлі, қызықты кейіпкерлерді, яғни жануарларды кездестіруге болады. Өмірде кездесе бермейтін, өзгеше аңды көріп режиссердің ойлау қабілеті, қиялы мықты екен деп ойлаған шығарсыз. Олай емес, себебі ондағы кейіпкерлердің көбісі шынымен-ақ Мадагаскар аралын мекендеушілер. Мәселен мадагаскар мангусын тек Мадагаскардан кездестіруге болады. Тиінге ұқсайтын сүйкімді аң жаңбыр құрттарымен, қоңызбен қоректенеді.
Сондай-ақ бұл аралдан түлкітұмсықты жыланды көруге болады. Ол әлемдегі ең экзотикалық жыландардың бірі. Мадагаскардың тағы бір ерекше тұрғыны ол Ай-ай. Басқа ешбір жерде кездеспейтін жануар адамдардың лемур мен атжалманды будандастыруының нәтижесінде дүниеге келген. Ағаштың биік бұтақтарында өмір сүретін оның адамдарға еш қауіптілігі жоқ. Мадагаскарды ғана мекендейтін келесі жануар тенрек. Бір қарағанда кірпіге ұқсас тікенекті кішкентай тіршілік иесінің саны өте аз.Лемурдың қандай жануар екенін білеміз, ал бұл аралда лемурдың ең ірі тұқымы индрилер кезіп жүреді. Олар өте көңілді, шулы ұжым. Дауыстары кейде су астындағы алып киттердің дауысына ұқсайды.