Үш рет тұрмыс құрған «жартылай қыз»

Oinet.kz 17-06-2019 942

Screenshot_28.jpg

Жарымжан, кемтар адамдар әдетте қоғамнан өз орын тауып кетуі қиын. Олар өз кемістігінен ұялғандықтан көпшіліктен алшақтай береді де, бойындағы таланты мен мүмкіндігін бұғып қалады. Алайда бұл әңгіме Мадмуазель Габриелге қатысты айтылмайды. Өйткені ол өзін ешқашан кемтар және сүйкімсіз санамаған. Танымал «жартылай қыз» атанған ол аяқсыз туылған. 

Мүгедектігіне қарамастан ол өнердегі карьерасын қалыптастырады. Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеге экспонат ретінде қатысады. Аяқсыз қызға бұдан кейін Америкадағы бір емес үш цирк «сырға салып», өз ұжымдарында  өнер көрсетуін сұрайды. Бір қызығы басшылармен келісім-шартқа отырған Габриель соңында жұмыс берушінің кейбір шарттарын орындамағаны үшін, нақтырақ айтқанда орындай алмағаны үшін бірнеше рет екі мың доллар айыппұл төлеген.     

Ол театр труппаларында сүйкімсіз, кемтар кейпін сомдағанымен өмірде өте ажарлы әйел болған. Шаш үлгісі өзіне жарасқан, викториан дәуіріндегі ең сәнді көйлектерді киіп, әшекей бұйымдарды тағудан ешбір ақсүйек келіншектерден қалыспаған. Оның сұлу болғанын үш рет тұрмыс құрғанынан байқауға болады. Өжет мінезді әйел өзін толыққанды адам ретінде санап, құқықтарын қалт жібермейтіндігі көрерменге қатты ұнайтын еді.  

Screenshot_1.jpg

Бетпердесіз хоккей
Мадагаскар құпиялары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу