Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Фото ашық дереккөзден алынды
Тақтар ойыны (Игра Престолов) – фэнтези жанрындағы Джордж Р. Р. Мартиннің «Мұз бен От жыры» романына негізделген америкалық телесериал. Бірінші бөлімінің алғашқы тұсаукесері 2011 жылдың 17 сәуірінде АҚШ-та өткен. Сериалдың ұзақтығы сонша, соңғы бөлімінің соңғы сериясының көрсетілімі 2019 жылдың 19 мамырында орын алған. 8 жылға созылған, көптеген табыстар әкелген телесериал өзіне орта есеппен 18 млн-дай көрермен жинаған. Олай болса, көптеген көрерменнің жүрегін жаулаған «Тақтар ойыны» телесериалы жөнінде әрбір жанкүйердің білуі қажет 13 фактіні, қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
1. Джордж Мартин сұхбат беру кезінде, егер НВО «Тақтар ойыны» телесериалының жалғасын қалайтын болса, материалдың көп екендігін мәлімдеген. Мысалы, приквел деп санауға болатын Дункан және Эйгон Таргариен тарихы.
2. Сериалдың спецэффекттерімен жұмыс жасайтын Pixomondo студиясының мамандары айдаһарларды қаздарды, жарқанаттарды және мысықтарды негізге ала отырып жасаған. Айдаһарлардың жерде жүрген кезде қанаттарын қимылдатуын қаздардан, ұшуын жарқанаттардан алған. Ал Дейенеристің алдында олар өздерін мысық тәрізді ұстайды.
3. Дотракия тілінде орыс тілінің әсері бар. Лингвист Дэвид Петерсон орыс, түрік және эстон тілдерін негізге ала отырып 3000 сөз ойлап тапқан.
4. Ақ-қара қамалдағы Беттер залы үшін арнайы гипстен 200 маска дайындалған. Оның ішінде сериалдың продюсерлері Дэвид Бениоффтың және Дэн Вайстың да беттері бар. Осылайша олар сериалда шамамен 30 рет бой көрсетеді.
5. Дорнның сулы бағы испаниялық Севильеде Алказар сарайында түсірілген және бұл сарайдың келушілер үшін жабық болған кезіндегі тарихтағы алғашқы жағдай.
6. 5-бөлімде Джон Сноу Янос Слинттің басын кесу жөнінде бұйрық беру кезінде ол әкесі Эддард Старк үшін кек алмақ болады. Себебі Слинт бірінші бөлімде Тақ залында барлық Старктарды өлтіру жөнінде бұйрық береді. Бірақ сюжет бойынша Джон бұл жөнінде білмейді.
7. Ақ ходоктардың семсерлері мұздан жасалады (шын мәнінде мөлдірлеу резеңкеден жасалған әрине). Жасау кезінде самурайлардың семсерлері негізге алынған. Жабайылардың семсері қысқа, себебі костюмдер және қарулар бойынша суреткерлердің ойынша қабырғаның сыртында қар қалың және биік болғандықтан, оларға ұзын семсерлерді алып жүру қиындық тудырады.
8. Қарулар айлағын түсірген Хорваттың Еменшөп (Дубровник) көшесі автомобильмен өтуге өте тар болғандықтан, түсірілімге арналған реквизиттерді жүк тасушы арқылы жеткізіп отырған.
9. АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама режиссер Дэвид Наттерден сүйікті кейіпкері Джон Сноуды өлтірмеуін сұранған. Оған дейін оның сүйікті кейіпкері Робб Старк болған.
10. Ұлы Торғайлықтың (Его Воробейшества) түрмедегі көрінісі үшін Серсеяның камерасына еден мен фибергласстан қабырғалар орнатылып, сюжет бойынша шөлден қалжырағаннан оларды жалауы үшін арнайы залалсыздандырылған. Серсея қамалған камера – Солтүстік Ирландиядағы Шэн қамалының түрмелік камерасының көшірмесі.
11. Мейстер Эймон – сериал бойынша өз ажалымен өлген алғашқы кейіпкер және ол сериалдың 5-бөлімінде орын алады.
12. Варистің рөлін сомдаған Конлет Хилл интервью кезінде өзінің ойынша Темір таққа ең лайықты үміткер Санса Старк екенін айтқан. «Ол өте талантты саясаткер болып өседі, - дейді Конлет, - оның ұстазы жақсы (Петир Бейлиш) және оның өзі де өте ақылды қыз».
13. Бениофф пен Ваис өзіндік жүріс-тұрыс кодексін жасап шығарған. Кейіпкерді өлтіру керек болған кезде актер осы көрініс жөніндегі сценариймен таныс болуы керек және оған хабарласып, ескертілуі тиіс. «Біздің әрбір қоңырауымыз актерлар үшін қатерлі қоңырауға айналды, - деп мұңын шағады Ваис, - Сен актерға қандай да бір ұсақ түйекті нақтылау үшін қоңырау соғасың, ал сенен сол жаңалықты күтеді».