Өмір бойы дәрігер болған 104 жастағы жапон дәрігерінің кеңесі

Oinet.kz 15-01-2021 1369

дәрігер.jpg

1. Салмағыңды ұста. (Жапондықтар салмақ қосуды 10,000 аурудың бастауы деп айтады)

2. Дәрігерге сенбе (Дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі тек пайда табу үшінгі бизнес)

3. Ғылым ешнәрсені емдеген жоқ. (Сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың негізгі себебін емдемейді)

4. Әрдайым алдын-ала жоспарла. (備 え あ れ ば 憂 い な し。 «Дайын болсаңыз қайғы-қасірет болмайды.» Жапон мақал-мәтелі)

5. Ауырсыну - бұл ғажап нәрсе. (Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданба деген сөз)

6. Мотивацияны құрметтей біл. (Бір нәрсені байқап көру және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды)

7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл. (Бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Жақсы көретін адамың, заттар, жұмыс-қызмет. Сондықтан барыңа риза бол.)

8. Жеделсатыны пайдаланба. ( Дененің төменгі бөлігін дамыту - ұзақ және сау өмірдің құпиясы)

9. Уайымдауды доғар. (Болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды)

10. Білгеніңмен бөліс.(Білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы ортаймайды)

11. Ақшаға ессіз ғашық болма. (Ақша - бұл тек құрал ғана. Бақыт ол жерде болмайды.)

12. Өнеге бола алатын бірдеме тап. (Өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені жасап, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с)

13. Зейнетке шығу туралы ойлама. (Қоғамға белсенді бол.)

14. Әрқашан миыңды жұмыстата біл. (Денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да істетіп дамыта біл)

15. Ешқашан тоя тамақтанба. (腹 八分 目 。Асқазанның 80% -нан асырма.)

16. Күн сайын бір стакан қызыл шарап іш. (Аурудың алдын алады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады)

17. Жақсы ұйықтап демалып жүр. (Шаршауды басу үшін 8 сағаттық ұйқы, немесе кем дегенде 6 сағат ұйықтау керек)

18. Шын жүректен күле біл (Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі)

19. Кешіріп үйрен. (Ренжігіш адам іштей мүжіледі)

20. Омега 3-ке бай тағамдар қолдан (Сенің жасың емес, ақыл-ойың жас болуы маңызды)

Амантай Тойшыбайұлы

Адам анатомиясы
Психологиялық тест: «Сіздің көзіңіздің түсі қандай?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу