«Аймағамбетов орнын босатсын!» Министрге қарсы петиция пайда болды

Oinet.kz 10-03-2022 2929

Желіде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қызметінен алуға қатысты петиция пайда болды. Бір топ адам министрді лауазымынан босатуды талап етіп жатыр. Петиция мәтіні citizengo.org сайтында жарияланған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

А.Аймағамбетовті  Білім және ғылым министрі қызметіне қайта тағайындау туралы Сіздің шешіміңізге ата-аналар және педагог қауымының, Қазақстан Республикасының азаматтарының, яғни Біздің  көңіліміз толмайды.

Біз ОНЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ, себебі Министр өз өкілеттіктерін орындай алмайды, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналардың сенімін жоғалтты деп санаймыз. БҒМ жүйесінде сыбайлас жемқорлық, жұмыстың құлдырауы, бюрократия, деректерді бұрмалау, ел басшылығынан және қоғамнан деректерді жасыру орын алуда.

Оқу сапасы төмендеуде. PISA-ның соңғы зерттеуінің нәтижесі бойынша қазақстандық оқушылар әлемнің  100 елінің арасында 96-шы орында тұр. Ангола, Камерун, Камбоджа, Судан рейтингінде біздің елмен қатарлас. "Оқушылардың жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның" жаһандық рейтингінде Қазақстан Ливан мен Мьянманың арасына орналасып, оқушылардың білім сапасы бойынша әлемнің 73 елінің арасында 70-орынды иеленді.

Сонымен қатар, ресми табельдерге жоғары баға қойылуда, ал ата-аналар мектеп оқушыларының орфографиялық қателіктерсіз 4 сөйлем жаза алмайтындығын және картада 10-сыныпта жақын шет елдерді көрсете алмайтындығын байқады. Ал математика, физика, тарих және басқа пәндер туралы білім деңгейін айтпаса да болады. Министрліктің нөлдік сыныптан бас тарту және жеті жасқа дейінгі балаларды бірінші сыныпқа қабылдауы үлкен қателік болды, бұл балалардың мектепке дайындығын нашарлатты.

Оқулықтар сауатсыз құрастырылған, оқу бағдарламаларындағыдай, олардың  қателері жетерлік. Тақырыптары ашылмаған, бағдарламалар қысқартылған және бір-біріне қайшы келеді, мысалы, бірінші сыныпта грамматикада балалар тек оқуды үйренеді, ал ағылшын тілінде олар мұны үйренбей жатып өздігінен орындай алуы керек. Жаңа пәндерді енгізгеннен кейін балалар материалды меңгеруге жеткілікті уақыттары жоқ және  жасына сәйкес емес қажетсіз ақпараттар жүктелген.

Айқын сәтсіздіктерге қарамастан, министр өзінің жақын адамдарына 15 миллион теңге мөлшерінде сыйақыны қоса алғанда, ірі сыйлықтарды үлестіріп беріп отыр. Қоғамдық баяндамаларында ол білім берудегі нақты жағдайды жасырып, деректерді басқарып, мұғалімдердің жалақысын көтеруді қамту арқылы елдің жоғары басшылығының еңбегін иемденді. Бізге түскен ақпарат бойынша Министрлік бюджетінен Аймағамбетовтың тұлғасын дәріптеумен, оны медиа және әлеуметтік желілерде жарнамалаумен айналысатын бірқатар жарнамалық фирмалар қаржыландырылатыны белгілі болды" - деп жазылған мәтінде. 

«Бастығы сияқты»: Путин тек Назарбаевтан аяқ тартуы мүмкін
Ринат Кертаевқа қамал алуға мүмкіндік берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу