Ринат Кертаевқа қамал алуға мүмкіндік берілді

Oinet.kz 10-03-2022 922

Танымал журналист Ринат Кертаев «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Screenshot_8.jpg

Жамбыл облысының тумасы Ринат Думанұлының есімі республика жұртына кеңінен танымал. Жұрт оны "Хабар" арнасы арқылы біледі. Ол мұнда көбінесе қоғамдық-саяси бағдарламаларды жүргізіп, көпшілікті өзінің білімділігімен тәнті етті. Ақ-қараны дәл сараптап, әділдігін айта білетін турашылдығы үшін елінің көңілінен шықты. Қоғамдағы өзекті мәселерді қозғай отырып, журналист ретінде халық пен билік арасын жалғады. Нәтижесінде көптеген мәселелер оң шешімін тауып, халық Ринат Думанұлына алғыс жаудырған сәттер аз емес.

Ол іскерлігі мен ұйымдастырушылығының арқасында қысқа мерзімде арна ішіндегі басшылық қызметтерге ауысты. Бар болғаны 28 жасында "Хабар" арнасының бағдарламалар дирекциясында бас продюсер қызметіне тағайындалды. Отызға жетпей орда бұзғаны оның қай істі болмасын дөңгелетіп ала кететін еңбекқорлығы мен біліктілігін білдірсе керек. 

2016 жылға дейін телеарна бағдарламаларын өндіру дирекциясының бас продюсері болды. 2016 жылдың шілде айында «Хабар» телеарнасын басқарды. Сол жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылдың тамыз айында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Осы уақытқа дейін жұмысын ел аманатын арқалаған тілшіліктен бастаған Ринат Думанұлы қырықтың қырқасына да жақындады. Дана қазақ халқының нақыл сөздеріне үңілсек, нағыз ер азамат 40 жасында қамал алады екен. Еліміздегі бас партия "Аманатта" оған ерлік жасауға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Ринат Думанұлы осы мүмкіндікті пайдаланып, еліне адал еңбек етіп, алғыс пен қошеметке бөленеді деп сенеміз! 

«Аймағамбетов орнын босатсын!» Министрге қарсы петиция пайда болды
Тоқаев отандық әскери техника шығаратын зауыт жұмысына арнайы барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу