Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз!?»

Oinet.kz 16-11-2020 2484

image.png

1. Қоян. Егер ең бірінші қоянды байқасаңыз, сіздің депрессияңыздың басты себебі – жеке өмір, қарым-қатынас. Сүйікті адамыңызды жоғалып алардай күй кешесіз. Тіпті, кейде бұл қатынастарыңыздың қайда апарарын да білмей дал боласыз. Сабыр етіңіз. Екеуіңіздің махаббат дастандарыңыздың бастапқы кезеңдерін еске алыңыз. Сондай-ақ серігіңізбен ашық сөйлесіңіз. Барлық түйткіл шешіледі.

2. Көбелек. Көбелек өзінің сұлулығымен барлығын елітіп жүріп бір ортадан екінші ортаға тез ауысады. Ол үшін бұл оп-оңай. Бірақ бұл қылығын барлық қоғам қабылдай бермейді. Ондай кезде көбелек мүлдем басқа боп шығу үшін жібек құртына оранып, қайта шығады.

3. Үкі. Сырыңызды, сезімдеріңізді айтып, біреумен сырласқыңыз келеді. Бірақ қорқақтайсыз. Олай жасамаңыз. Себебі сізді бірнәрсе алаңдатса, демек ол маңызды. Достарыңызға, туыстарыңызға сенім артыңыз. Оларға ішкі дүниеңізді ашпасаңыз, сізге көмек, қолдау керегін қайдан білсін? Сондықтан қысылмаңыз. Есіңізде болын, бұл – әлсіздік емес!

4. Аю. Басты проблемаңыз – жұмыс және қаржылық жағдай. Өкінішке қарай, бұл – қазір жиі кездесетін жайт. Дегенмен техология мен ғылымның дамыған кезеңінде қол қусырып отыру – жөнсіз. Білмейтініңді үйренуге, іске асыруға кедергі жоқ. Керісінше, мүмкіндік көп. Сондықтан өз қызығуышылығыңызды жүзеге асыру арқылы қазіргі проблемаңызды шеше аласыз

Психологиялық тест: «Сізге болашақтан жолданған хаттың бірін таңдаңыз!»
Адамды көзінен таны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу