Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
1806 жылы ағылшын барында екі жігіт ерегесіп қалады. Ертесіне Хамфри Ховарт пен граф Берримор бір-біріне дуэль жариялайды. Келесі күні таңертең текетіреске Ховарт жиналған жұртты таңқалдырып тыр жалаңаш келеді.
Ол бұрын әскери хируг болған екен. Қарудан жараланғанда адам денеге тиген оқтан емес оқпен бірге денеге кірген киім жыртықтарынан өлетінін білген. Яғни, мата жара ішіне инфекция түсіреді. Граф үстінде киімі жоқ еркекті атып өлтіріпті деген атқа қалғысы келмегесін дуэльден бас тартады. Осылайша хирург білімінің арқасында аман қалған екен.