Психологиялық тест: Суретте бірінші неге көзіңіз түсті?
Бірінші болып қай затқа көзіңіз түсті, сіз сондай адамсыз!
Егер шәйнекті көрген болсаңыз:
...сіз қазір өте мазасыз күйдесіз. Сізде бір уайым бар. Негізінен адамдарға қатты сенбейтін, кез келген нәрсені екі қайтара тексеріп алатын адамсыз. Сізге сақтық пен тұрақтылық секілді қасиеттер тән. Және өте пунктуалды адам екеніңізді бәрі біледі. Ешқашан қажетті уақыттан кеш қалмайсыз, егер бітпей қалған істеріңіз болса, өте уайымшыл күйге енесіз.
Егер бірінші телефонға асықсаңыз:
...сіз сабырлы, салмақты адамсыз. Кез келген қиындықтан жайдарлы мінезіңіздің арқасында айналып өтесіз. Тыныштық пен демалыс сіз үшін жұмақтай, жаныңыз сүйеді. Көбіне істеріңізді ысырып қойып уақытыңызды ұйқыға бөлгенді жөн көресіз. Алайда бұл тазалықтан жұрдайсыз дегенді білдірмейсіз. Тек сіз асықпай қимылдайтын адамсыз. Тағы сіз өте ашық жан болуыңызбен ерекшеленесіз. Сіздің жаныңызда адамдар өзін жайлы сезінеді. Сізбен бөліскен сырларының қауіпсіз жерде екенін біледі.
Егер сіз жылап жатқан балағы көңіліңіз ауса:
...сіздің өте жауапты адам екеніңізді білдіреді. Сіз үшін өмір ойын емес, ол нағыз күрес секілді. Сіз өзіңіз бен өзгені бақытты етуге тырысатын жақсы адамсыз. Сіз тез шешім қабылдай алатыныңызбен, адамдарға жақсы жолға жол сілтей алатыныңызбен ерекшеленесіз. Жақыныңыз болсын, кім болсын қиын жағдайда еш қалдырмайсыз, үнемі қол ұшын созуға дайын тұрасыз. сіз секілді адамдар өмірде бәріне оңай қол жеткізеді.
Егер сіз алдымен керует үстіндегі итке назар аударсаңыз:
...өте ашушаң адам болғаныңыз. Алайда сіз бар нәрсенің өз жөнімен болғанын қалайсыз. Бір сөзбен әділдіктің адамысыз. Екіжүзділікті суқаныңыз сүймейді. Өзіңіз де өтірік айтудан аулақ адамсыз. Сіз үшін ең маңызды нәрсе ол тыныштық. сіз жан дүниеңізбен оңаша қалғанды ұнатасыз. Сіздің алып-ұшпа мінезіңізден туыстарыңыз да хабардар болғандықтан, ешкім сізді босқа мазалай бермейді.