Өмірден мамандықты жоғары қойғандар
Сот саласындағы медик Николаус Миновици қызмет барысында көптеген қызықты, жұмбақ жағдайларға тап болады. Зерттеушілер дәрігердің адамдардың өлімінің себебін анықтау үшін қауіпті тәжірибелерді жасағанын айтады.
Профессор дарға асылып өлерде адамда қандай сезім пайда болатынын, жағдайының қалай өзгеретінін анықтау мақсатында 1905 жылы өзі арқанға асылып көреді. Тәжірибені бастамас бұрын жанында көмекші дайындайды. Ол Миновици асылған кезде түрінің қалай өзгеретінін, секундомердің көмегімен өлім қанша уақытта келетінін байқау керек болатын. Тәжірибе жасалды. Ассистент қажетті зерттеулерін жасайды да, дер кезінде дәрігерді құтқарып қалады. Дәл осындай тәуекелді Германияның дәрігері Флейхман да жасап көрген. Бір қызығы екі профессор да жіпті мойнына апарғаннан кейін дереу шығарып алғысы келген екен. Алайда олар тіпті саусағының ұшын да қималдата алмапты.