Адам миы туралы деректер

Oinet.kz 10-01-2020 1393

907856860_0_277_3000_1975_600x0_80_0_0_578371eb3a5ed9602dae55a26ee2a676.jpg

Ақыл-ойлы материяның ең жетілген өкілі ми болып саналады. Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ.

Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «Ми қызметінің мәнін түсіну – маған және менің көптеген әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені, адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді». 

- Мидың орташа салмағы – 1,4 келі. Бастың жоғары жағында. 

- Еркектердің миы әйелдердің миынан көп. Оның бір себебі, ерлердің әйелдерден денелі, ірілігі. 

- Алайда әйел, еркектің миын денелерінің мөлшеріне сәйкес есептегенде, әйелдің миы еркектердің миынан сәл артық. 

- Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша-ми қабықтары қоршап тұр. Олар жұлын сұйықтығын сақтайтын осы сұйықта қалқып жүреді. 

- Мидың сыртқы үстіңгі беті немесе мидың қабаты триллондаған байламдармен байланысқан миллиардтаған жүйке жасушаларынан тұрады. 

- Қыртыстанған, қатпарланған ми қыртысын жазып көрсе, ол жастық тысының көлеміндей ауданды, жұқалығы бірнеше милиметрді алар еді. 

- Ми қабатының қатпарлары мидың жұп бөліктерін көмкереді, маңдайды алдынан, төбені жоғарыдан, бүйір жағынан самай және артқы жағынан шүйдені жабады. 

- Зерде мидың көлеміне байланысты емес. 

- Ми денемен жұлын арқылы байланысады. 

- Мидың жүз миллион жасушасын қосқанда жүз миллиард жүйке жасушасы болады. 

- Дененің өз «Интернет» желісі бар. Ол жүйке деп аталатын мыңдаған өзектер арқылы миллиондаған дабыл жібереді: жүздеген ағзалар арасындағы әрбір тарапқа, өзге ағзаларды бақылайтын ағзалардан миға дабыл жібереді. 

- Миға қан құйылуын инсульт (лат. Insulto) деп атайды. 

- Мидың терең ішінде жатқан клеткалар гипоталамус деп аталатын учаскелер ашығу, шөлдеу, бірдеңеге қарсы тұру сияқты сезімдерді басқарады. 

- Мидың желкелік бөлігі адамның қимылын реттеп отырады. 

- Адамның миы мен оның жасушалары – «Сана өлкесі» іспеттес. Ғалымдар оны – «ақыл-ой ғарышы» деп те атайды. 

- Адам баласының ми құрылысы 35 миллиард жасушадан тұрады. Әрбір жасушаның атқаратын жеке өз қызметі бар. 

- Археолог ғалымдардың айтуынша, адамның бас сүйегі мен ми көлемі көне дәуірден бері бірқалыпты, өзгеріссіз. 

Ақпан - неліктен ең қысқа ай?
Әйелдің миы неге аз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу