Ақпан - неліктен ең қысқа ай?
Ақпан Римдіктер үшін жылдың соңғы айы болып есептелген. Бұл ай ажал құдайы Фебраның құрметіне осылай аталған. Себебі, бұл айды римдіктер толықтай о дүниелік болған ата-бабаларының құрметіне атаған. Славяндар ақпан айын «қар ұшқыны» деп атаған. Себебі, бұл айда қарлы борандар ұшқындап бетті жанитын болған. Сонымен сіздерге ақпан айы туралы қызықты мәліметтер ұсынатын боламыз:
Неліктен жылдың ең қысқа айы?
- Біз білетін күнтізбе Ежелгі Римнен келген. Юрий Цезарьдың бұйрығы бойынша жұп айларда 30 күн, тақ айларда бір күн кем немесе артық болуы керек болды. Ал, ол кезде жылдың соңы болып есептелген ақпан айына 29 күн тиесілі болған. Ал, біздің заманымызға дейін 14 жылдары қайтыс болған Октавиан Августің есімінің құрметіне тағы бір күнді қосып, осылайша тамыз айында 31 күн пайда болған. Бұл күнді олар ақпан айынан алған. Осылайша ақпан айында 28 күн қалып, төрт жылда бір-ақ рет 29 күн сәйкес келетін болған.
- Жыл сайын екінші ақпанда АҚШ пен Канадада суыр күні аталып өтіледі. Бұл күні көктем келгенде жер тесігінен шығатын суырларды тамашалауға мүмкіндік болады. Егер бұл күні ауа-райы бұлтты болса, өз көлеңкесін таппай қалған суырлар шұңқырдан шығады. Олар көктемнің келуін күтіп жатпайды. Егер күн жылы болса, топырақ астында ұзақ уақыт шықпай жатып алады. Бұл нағыз жылулықтың жақын уақытта келмейтіндігінің дәлелі.
- Ақпан айында қоңыр аюлар балалы болады. Ал, олардың туыстары ақ аюлар ақпан айының соңында – Халықаралық полярлық аю мерекесін өткізеді. Қазіргі уақытта, әлемде олардың 25 мың түрі ғана қалған. Оларлық полярлық еркіндікке еркін бейімделген, алайды арктика мұзының еруі олардың санының күрт азаюынга алып келуі мүмкін.
- Сондай-ақ, ақпан айының 29 күні туылғандар ерекше қасиет пен дарынға ие болған. Мысалы, Норвегиялық Хенриксендердің әулетіндегі үш бала да дәл осы күні дүниеге келген. Мысалы, 1960 жылы Хайди есімді қыз, 1964 жылы Олав есімді ұл мен 1968 жылы Лейф-Мартин дүниеге келген.
- Егер ақпан айында бізде – қар, қатты аяз, боран болатын болса, Антарктидада бұл уақытта жаздың әсері білінеді. Мәселен, «Шығыс» полярлы жазығында ауа-райы 40 градусқа дейін қызса, шілде-тамыз айларында 70 градусқа дейін аяз білінеді.
- Ақпан қыстың соңғы айы. Сондықтан да, біздің ата-бабаларымыз бұл мезгілде көктем мен күз мезгілдерінің қандай болатындығын болжады. Ақпан жылы болса егіннен өнім көп түспейді деп есептеді. Ақпан айы қатты аязбен өтсе мол өнімнен үміт бар деп болжаған. Бұл айда қар мөлшерінің көп болуы шаруаларды қуантады. Егер қыстың соңында қар болмаса, жазда құрғақшылық орын алуы бек мүмкін.