Қателікке бой алдыру: конфликтогендер
Қарым-қатынас барысында біздің әрбір сөзіміз, қимылымыз, дауыс ырғағы әңгімелесуші адамға әсер етеді. Көп жағдайда адам өзінің қалай сөйлеп тұрғанын аңғармайды, өйткені, ол автоматты түрде іске асады. Бірақ, әңгімелесу барысында ыңғайсыздық тудырып, арты жанжалға алып келетін сөздер мен дауыс ырғағы да бар. Бұлар – конфликтогендер. Бұл қатарға қандай сөздер жататынын дәл айту мүмкін емес.
Өйткені, кейбір сөздер, әрекеттер біреудің шамына тисе, енді бір бірқалыпты қабылдайды. Конфликтоген – аты дауға алып келетін кез келген сөз бен іс-әрекет. Іскерлік қарым-қатынаста жанжал тудыратын негізгі конфликтоген-сөздер мынадый: · Сенімсіздікті білдіретін сөздер: «мені алдапсыз», «мен сізге сенбеймін», «сіздің қолыңыздан келмесі анық»; · Жеке басқа тиетін, келеке сөздер: «Ақымақ», «оңбаған», «есалаң»; · Қорқыту: «әлі көрерміз», «емтихан кезінде осы әрекетіңізді есіңізге саламын», «әлі-ақ өкінесіз» ; · Кемсітулер: «қортық», «төрт көз», «ұзын»; · Салыстырулар: «тамақты шошқа секілді жейсің», «ақымақ секілдісің»; · Жек көрудің айқын белгілері: «жиіркенішті», «сенімен сөйлескім келмейді»; · Міндеттеу: «орындауға тиістісің», «сенің міндетің»; · Кінә тағу: «барлығы сенің кесірің», «бәрін бүлдірдің», «сіз өтірік айттыңыз», «бәріне сен кінәлісің»;
Дереккөз: massaget.kz