Роза Рымбаева келінімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 14-12-2021 2864

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева келін мен ене мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі өз келінімен бір жыл ғана бірге тұрып, кейін оларды бөлек шығарып жібергенін айтты.

image.png

Роза Рымбаева өз келінімен қарым-қатынасы қандай екенін Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты. Әншінің сөзінше, ұлы жар таңдаудан қателеспеген. Халық әртісі Ақерке Бүркітбай нағыз өзі армандаған келін екенін алға тартты. 

 – "Ене мен келін тақырыбы бәріне қызықты. Ақерке өнер адамы. Батыстың қызы. Қобызда ойнайды. Қазақы тәрбие алған. Нағыз менің келінім. Мен армандаған келін десем де болады. Шыным осы. Ененің жақсы болуы да, келіннің жақсы болуы да, екеуінің түсінігіне байланысты. Егер енесі қызындай көрсе, келіні анасындай қараса, онда жақсы қатынас орнайды. Оған қоса айналасы да, достары да, туыстары да, ата-аналар да жақсы қатынаста болу керек. Мен келінмен бір жыл тұрдым. Сосын үй алып, бөлек шығардым", – деді Роза Қуанышқызы.  

Жұлдыз Әбдікәрімова өміріндегі маңызды жаңалығымен бөлісті (видео)
Алтынай Жорабаева Мақпал Жүнісованың келіні екенін айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу