Алтынай Жорабаева Мақпал Жүнісованың келіні екенін айтты (видео)
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева Мақпал Жүнісованың келіні екенін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Мақпал апайға қазір мен келінмін негізі. Себебі, Алишер Арғын. Келін болып, Қайын бикеме шәй құйып берейін десем, болмай өзі құйып беріп отыр. Жарқылдаған мінезінен айналасың ғой - деп жазды әнші.
Әншінің бұл жаңалығына желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.
- "Арғындар жасасын бауырларым", "Арғынның қызынан әпкеміз ден аиналаиын Арғынның келіндеріне где айналайын Арғынның ұрпағын көбейтіп ұл бала нәсіп етсін бауырым екеуіңе Инша Аллаһ", "Арғындарымнан айналайын! қазақтың іргелі руы болған арғындарыма Алланың нұры жаусын! Арғын болып туғаныма мақтанам!!!", "Құрметті Мақпал ханым және бұлбұл құсымыз,әрі балдыз Алтынай шайларыңыз дәмді,киімдеріңіз сәнді, денсаулықтарыңыз мықты болсын!!!", "Мақпалда бөлек әдемілік бар", "Қош келдіңіз Павлодар қаласына, менде Павлодардың келінімін арғын еліне, өзім Шымкенттен болам" - деп жазды олар.