Баян Алагөзова тікелей эфир кезінде күйеуімен ұрысып қалды (видео)

Oinet.kz 20-12-2021 1575

Белгілі отандық продюссер Баян Алагөзова Instagram желісінде тікелей эфирге шыққан. Ол эфир кезінде әрі-бері жүре берген күйеуінің әрекетіне ашуланды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

image.png

Продюссер жас мамандардың бірін эфирге шығарып, сұхбат жүргізген. Осы кезде жұбайы Тұрсын Алагөзовпен ұрысып қалды.

- Тұрсын, мына әрекетің дұрыс емес. Мен тікелей эфирде отырмын. Бір емес, 10 рет дәретханаға бардың. Әрі-бері әдейіп өтіп жүрсің бе? Бөтелке лақтырдың. Бұл құрметке жатпайды, — деді Баян Алагөзова эфир кезінде.

Бірақ видеодан күйеуінің бейнесін көру мүмкін болған жоқ. Бұған дейін продюссердің шет елдегі кезекті демалысынан шалқалай шатқа отырған суретін жарияланған болатын.

Алтынай Жорабаева Мақпал Жүнісованың келіні екенін айтты (видео)
Танымал блогер ауруханаға түсіп қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу