Ұзақ жасаудың құпиясы

Oinet.kz 11-10-2019 1205

альтруизм.jpg

Мамандар ұзақ жасаудың біз білмеген себебін анықтады. Ол альтруистік принцип екен. Яғни, эгоист болмау деннің саулығына оң ықпалын тигізеді екен.

Альтруизм – басқалардың мүддесі, оларға риясыз қызмет ету жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, эгоизмге қарама-қарсы өмір салты. Альтруистік мінез-құлық ағзалардың эволюциялық даму жолында ерекше орын алады.  Ұғымды мораль теориясына енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы Огюст Конттың пікірінше, альтруизмнің қағидасы – «басқалар үшін өмір сүру».

Зерттеушілер альтруистер денсаулығының мықты болатынын және өзгелер үшін игілікті іс атқарғанда ол нығая түсетінін байқаған. Мысалы, еріктілер бұл іспен айналыспай тұрған кездегі жағдайы әлдеқайда нашар болғанын, уақыт өте өздерін жақсырақ сезінгендерін айтқан.


Темір өкпелі адам
Өзіне тәжірибе жасаған ғалым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу