Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кесек, бор жеу бұрын шынайы әуестік, ағзаға белгілі бір дәрумендердің жетіспеушілігінен туындаса, қазір адамдар әлеуметтік желіде кесек пен бор жеуді сәнге айналдырды. Африкалықтардың 80 пайызы әлі күнге дейін құрамында топырағы бар тағам жесе, Индонезияда асқа кірпіш пен топырақты пайдаланатын ауыл тұрғындары кезігеді екен. Негізінен көптеген мамандардың айтуынша кесектің де, бордың да өзінше бір пайдасы бар. Құрамында неше түрле дәрумендер де расымен кездесетін көрінеді. Тек табиғи түрлерін жеу қажет және аз мөлшерде. Дегенмен дәрумендермен қоса кесек құрамында паразиттер де бар көрінеді. Әрине қанша дегенмен де ол топырақ.
Ал осы әлеуметтік дерттен қалай құтылуға болады? Бірі – дәріханадағы кальций глюканатын пайдалануды ұсынса, екіншісі – ағзаға жетпей тұрған кальцийдің орнын алмастыратын өнімдерді жеуге кеңес береді.
Көбінесе кесекке жүкті әйелдер құмартады. Себебі дәл осы кезде ағзада кальций жетіспеушілігі пайда болады.
Кесек, бор секілді қатты заттардың тіске зияны едәуір. Мәселен кесек жегеннен соң тісте тіс тасы пайда болады. Ол тиісінше тіс жиегін қаптап, оны босатып жібереді. Ол тіс щеткасымен тазаласа кететін тас емес, арнайы тазалау аппаратының күшімен ғана кетеді.
Қызықты мәлімет: Кесек жеуді ғылымда “геофагия” деп атайды.