Инсультті де алдын алуға болады

Oinet.kz 24-09-2019 1190

Screenshot_15.jpg

Инсульт дегеніміз ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан болады, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.

Инсульт белгілері:

  1. Жүректің қатты соғуы, ауыз құысының құрғауы, дене қызуы көтерілуі.

  2. Өткір бас ауруы,құлақтағы шу,жүрек айнуы,құсу.

  3. Тіл күрметілу,жүріс-тұрыстың бұзулуы.

  4. Дененің оң немесе сол жағының жансыздануы. 

 Инсульт ауруынан сақтану үшін бастапқы және қайталама алдын алу шараларын білген жөн.

Бастапқы алдын алу шаралары:

 1. Салауатты өмір салтын ұстану.

 2. Дұрыс тамақтану.

 3. Дене салмағын қадағалау.

 4. Жүрек, қан тамыр ауруларының дәрі-дәрмегін уақытында қолдану.

Қайталама алдын алу шаралары – бұл  инсульттың қайта соғуын тежеу кешенді бағдарламасы.Бұл бағдарлама дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмексіз әдістерді қолдануды ұсынады:

  Дәрі-дәрмексіз әдістер:

 1. Шылым шегу,алкогольден т.б. бас тарту.

 2. Физикалық белсенділікті арттыру.

 3. Артық салмақтан арылу. 

  Дәрі-дәрмекті әдістер: 

 1. Антитромботикалық препараттар.

 2. Гипотензивтік дәрілер.

 3. Хирургиялық ем-дом.

Инсультты алдын алу терапевттер мен неврологтардың бірлескен жұмыста-ры арқылы жүзеге асады. Бастапқы және қайталама сақтандыру шаралары өзара үйлесім тапқан кезде,инсультке шалдығу мен өлім жағдайлары азаяры сөзсіз. 

Əрбір қазақстандық қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу үшін салауатты өмір салтын, темекі тұтынуды азайтуды, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан бас тартуды, дене салмағын қалыпты ұстауы, үнемі қозғалыс жаттығуларын жасау болып табылады. Қоғамның күш-жігерін жүрек- қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайту үшін жағдайлар жасауға бағытталуы тиіс. Өзіңіз тіркелген емханадан скринингтік тексеруден өтіңіз!Деніңіз сау болсын!


Диетаның пайдасынан зияны көп
Кесек, бор жеу зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу