Түркістан дәрігері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Oinet.kz 10-06-2026

абдиев.jpg

Тахир Абдиевдің медицина саласында 9 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп, халыққа қызмет етіп келеді. Әкесінің жолын қуып дәрігер атанған маман бүгінде жауапты қызметтің тізгінін ұстап отыр. Таяуда Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде де жұмыс басынан табылды. Өзінің айтуынша, бұл жолғы жауапкершіліктің жүгі әдеттегіден екі есе артыпты.

– Саммит кезінде жерлестеріміздің, Түркістан облысы тұрғындарының алдында ғана емес, аталған маңызды халықаралық жиында жиылған мемлекет басшыларының алдында еліміздің жауапкершілігін арқалау бізге бұйырды. Мәртебелі меймандардың медициналық жағдайына жауап беру, денсаулығын сақтаудың маңызы жауапкершілігімізді еселеп жіберді. Жедел медициналық жәрдем бригадалары да жеткілікті болды. Жақын аудандардағы бригадаларымызды да жұмылдырдық. Сол күндері қосымша көліктерімізді де іске қостық. Маманнан да, көліктен де ешқандай тапшылық болған жоқ, – дейді ағынан жарылған Тахир Батырбекұлы.

Әріптестері де Тахирдың өз ісіне адалдықпен, асқпн жауапкершіліктпен қарайтынын айтады. Әсіресе халықаралық жиын кезіндегі тынымсыз еңбегі ұжым арасында ерекше бағаланған. Жалпы саммит кезінде медициналық жауапкершілік мәселесіне айрықша мән берілген. Көмеккке Қызылорда қаласынан 5, Шымкент қаласынан 5 қосымша жедел медиыиналық жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Сонымен қатар, іс-шара аймағында қосымша тағы 10 бригада дайын тұрған. Бұдан бөлек Түркістан қаласында 20 бригада күнделікті жұмысын атқарып, халыққа медициналық қызмет үздіксіз көрсетілді. Солардың жұмысын үйлестіріп, асқан жауапкершілікпен кәсіби қызметін мүлтіксіз атқарып, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Президентінің Жарлығымен Тахир Абдиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Тахир Батырбекұлы бүгінде Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясындағы Түркістан қалалық №1 қосалқы станциясының меңгерушісі.


Түркістан облысында төртінші бауыр трансплантацияланды
Ана мен бала – басты назарда!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу