Ана мен бала – басты назарда!

Oinet.kz 08-06-2026


Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің төрағалығымен басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Мадина Мамбетованың қатысумен өңірлегі ауруханалар мен емханалардың басшылары бас қосқан кеңейтілген жиын өтті. Күн тәртібінде ана мен бала денсаулығын қорғау және проактивті скрининг мәселелері талқыланды.

Жиында 2026 жылдан бастап енгізілетін МСАК қызметкерлерін ынталандырудың жаңартылған әдістемесі, ана мен бала денсаулығын қорғау көрсеткіштері, жүкті әйелдерді ерте есепке алу, нәрестелерге патронаждық бақылау жүргізу және проактивті скринингтік жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Балалар арасында аурулардың алдын алу мен оларды ерте кезеңде анықтауда проактивті скринингтің маңызы ерекше атап өтілді. Әсіресе жаңа туған нәрестелерге жүргізілетін неонатальды скрининг ауыр тұқым қуалайтын және эндокриндік ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде нәрестелерге фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды анықтауға арналған скринингтер жүргізілуде. Бұл зерттеулер ауруларды ерте анықтап, дер кезінде емдеуді бастауға, мүгедектіктің алдын алуға және баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға ықпал етеді.

Басқосуда медициналық ұйым басшыларына профилактикалық жұмыстарды күшейту, скринингтік тексерулермен қамтуды арттыру және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Түркістан дәрігері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Иммундау есебі цифрлық форматқа көшірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу