Иммундау есебі цифрлық форматқа көшірілді
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы биыл жыл басынан бастап иммундау процестерін есепке алу мен бақылауды автоматтандыруға арналған және қағаз есептілікті электронды форматқа толығымен ауыстырды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі «Вакцинациялау» модулінде халықты вакцинациялау және вакциналар қозғалысы бойынша электрондық есептілікке толық көшуді қамтамасыз етті.
«Вакцинациялау» модулінде вакцинация фактілерін тіркеу, халықты профилактикалық егулермен қамту мониторингі және вакциналардың қозғалысын бақылау жүзеге асырылады. Модуль нақты уақыт режимінде Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің сақталуын, соның ішінде вакцинациялаудың уақтылығын талдауға, вакцинацияланбау себептерін тіркеуге, сондай-ақ өңірлер мен жас топтары бойынша бөлінген қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуін бақылауға мүмкіндік береді. Вакцинациялаудан бас тартуды талдау және олардың медициналық ұйымдарға таралуын бағалау үшін жеке функционал көзделген. Есепке алудың цифрлық форматы деректерді қайта енгізуді болдырмайды және ақпараттың дұрыстығын арттырады. Бұл көрсеткіштердің салыстырмалылығын және басқару шешімдерін жедел қабылдауды қамтамасыз етеді.
«Вакцинациялау» модулін енгізу иммунопрофилактика бағдарламаларының басқарылуын арттыруға, вакциналарға қажеттілікті дәлірек жоспарлауға және егулермен қамтуды азайтуға уақтылы ден қоюға бағытталған. Ақпараттық жүйені дамыту денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде жүзеге асырылады және иммундау саласында сенімді деректердің бірыңғай массивін қалыптастыруға бағытталған.


