Алғашқы ота қашан жасалған?

Oinet.kz 14-08-2019 1141

shanidar3.jpg

Көрнекі суреттер ашық дереккөзден алынды

Сіз білесіз бе, хирургиялық оталар тас ғасырында да жасалған екен. Ирактың солтүстігіндегі Шанидар үңгіріндегі адам сүйектерін зерттеген ғалымдар осылай деді. Оқымыстылар б.з.д 60-30 мың жыл бұрын өмір сүрген  неандертальдық 9 ер кісінің сүйектерін зерттеген.  Ғалымдарды таңқалдырғаны шамамен 40 жастағы ер кісінің мәйіті. Оның сол қолы білегінен жоғары кесілген. Сол көзі жараланған. Соған қарағанда оны бір көзі мүлдем көрмеген. Жарымжанның сол аяғының тобығы сынған және тістерінің бәрі жұлынған. Зерттеушілер науқастың қолын әлдебір жыртқыш жұлып алған, кейіннен оны емшінің тігіп бергенін анықтаған. Сондай-ақ мүгедекке мыңжапырақтың тозаңы, қылша, жалбызтікен, зиягүл сынды дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрі-дәрмекпен емдеген.

Неліктен адамдар өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің денесін сатып алған?
Ата-аналар балаға өз бетінше дәрумен беруіне бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу