Балқаш әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады

Oinet.kz 06-04-2023 734

Балқашта екінші күн қатарынан су жоқ, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Бұған дейін қала мен жақын маңдағы ықшамаудандардың 80 мыңға жуық тұрғыны ауыз сусыз қалғаны хабарланған болатын. Бас сорғы станциясы ауданындағы магистральдық су өткізгіште екпін пайда болғаны хабарланды.

Коммуналдық қызмет 5 сәуірде апатты жоюға уәде берді. Дегенмен, жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін судың жоқтығын айтып отыр. Бүгін әкім апатты жоюға уәде беріп, қала тұрғындарына сабыр сақтауды сұрады. Ол Instagram-парақшасында балқаштықтарға үндеу жолдады.

"Біз апатты жою жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бүгін су тасушылар су береді. Жұмысты сағат 15:00-ге дейін аяқтап, магистральдық желілерді толтыруды жоспарлап отырмыз, содан кейін біртіндеп кварталішілік желілерді толтырамыз. Мен барлығын сабырлы болуды сұраймын, су тасушылар да жұмыс істейді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймын. Мұның бәрі техникалық себептерге байланысты", - деді қала әкімі Қайрат Қамзин балқаштықтарға.

Видеоға қарағанда, әкім апат болған жерде өзі болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Камзин Қайрат Амангелдіұлы (@akim_balqash)

Батыс Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім жүк көлігімен әкесін басып кетті
«Буындырып өлтірген кім?»: Екі жасар сәбиді өлтірді деген күтушіге қатысты тың дерек шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу