Бронх демікпесінің қалай алдын-алуға болады?
Бронх демікпесі әртүрлі деңгейде мезгіл-мезгіл ұзақтықпен тұншығу ұстамасы түрінде болатын бронхтардың аллергиялық созылмалы ауруы. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде тыныс алу жолдары тыныс алуды қиындатып, ауаның тыныс алу жолдарының бойымен дұрыс айналуына мүмкіндік бермей,қатты тарылады.
Бронх демікпесін дамытатын қауіптілік факторлары:
- Тұқым қуалаушылық бейімділігі;
- Аллергиялық ринит;
- Тұрмыстық химия (жуғыш және косметикалық заттар)
- Шылым шегу(пассивті)
- Үй ішіндегі аллергендер(үй төсек орындырындағы,кілемдердегі,жұмсақ жиhаздардағы шаң-тозаңдар,жануарлардың жүні)
- Үй сыртындағы аллергендер(гүл тозаңы,терек мамығы т.б.)
- Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз ішу,
- Атмосфералық ауаның ластануы
Бронх демікпесінің асқынуына әсер етуші факторлар
Бұл факторларға: дене жүктемесі, салқын ауа, тітіркендіретін газдар, ауа райының өзгерістері, күйзелістер жатады.
Бастапқы алдын алу жолдары
- Бала туылғаннан 1 жасқа дейін емшек сүтімен емізу
- Балаға қосымша тағамдарды 6 айдан соң тағайындау
- Жоғарғы алларгенді тағамдарды аз пайдалану( ара балы,шоколад,тауық жұмыртқасы,жаңғақ,цитрус өнімдері)
- Салауатты өмір салтын ұстану, шынығу, күнделікті бөлмені таза ұстау,уақытында желдетіп тұру,төсеніштер мен жиhаздарды ойыншықтарды тазалап тұру)
- Пассивті темекі шегуге жол бермеу
- Созылмалы тыныс алу жолы ауруларын алдын ала дер кезінде емдеу.
А.Битанова,
№1 шымкент қалалық емханасының педиатр дәрігері
Г.Досмамбетова,
Медбике