«Таза қала» жеңімпазы дауыс беруге қатысты
20-11-2022
Көзілдірі пе, әлде контактілі линза ма? Қайсысы зиянсыз, қайсысын пайдаланған жөн? Өлшемшартына қарай бөліп қарастырайық.
Ыңғайлылық пен гигиена.
Гигиена жөнінен сөзсіз көзілдірік алдыңғы орында. Контактілі линзаны қолданудың машахаты көп, қажеттілігі де ұшан-теңіз. Қажеттіліктер: контактілі линза, сұйықтық, линза қабы, кішкентай қысқыш. Линзаны тағу уақытты көп алатын процесс. Яғни, тақпас бұрын қолды ұқыппен жуу қажет, одан соң құрғату деген сияқты. Демек, гигиена жөнінен көзілдірік - дұрыс таңдау.
Ыңғайлылықты бірден линзаға берсек болады. Себебі, көзілдірік тағатын адамдар көбіне көзілдіріктің қыстағы булануын, жаңбырлы күндегі көзілдірік линзасының сулануын алға тартып шағымданады. Ал, линза тағатын адамға линзаның бары да, жоғы да білінбейді. Спортқа келгенде де көзілдірік өте ыңғайсыз және сынып қалу қауіпі басым.
Көрсетуі.
Көздері нашар көретін адамдар көзілдірікке қарағанда линзаның әлемді түгелімен, анық көрсететінін айтады. Көзілдірік, оның үстіне, шаршағанда басыңды айналдырып, ойлау қабілетіне әсер береді.
Жарамдылық мерзімі.
Жарамдылық мерзіміне келсек, сындырып не құлатып алмасаңыз, көзілдірікті мәңгі қолдануға болады. Ал, линза уақытынан асырып қолдансаң кері әсерін беріп жатады. Ең ұзақ мерзімді линзалар – бір жылдық.
Екі де екі. Демек, өмірдегі әртүрлі жағдайға байланысты оларды ауыстырып қолдансаңыз жақсы. Ал, көзіңіз жақсы көріп, мұндай таңдауға жеткізбесе тіптен жақсы.