Сүт безінің обырын емдеуге болады
Сүт безінің обыры - бездің өзектерінен және бөлшектерінен түзілетін эпителий ісігі. Бұл әйелдерде ең кең тараған онкологиялық ауру. Ол қазіргі заманғы онкологияның ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Жалпы алғанда, бұл себептерге ішкі бездер жүйесінің функциясының бұзылу құбылыстары, денедегі зат алмасудың бұзылуы, етеккірдің уақытында келмеуі, бедеуліктің болуы, кеш құрсақ көтеру, баланы емшекпен аз уақыт емізу немесе мүлдем емізбеу, жүктілікті уақытынан бұрын үзу, жиі түсік тастау себептері және сүт безінің қатерсіз аурулары сүт безі обырына жиі алып келеді.
Республика көлемінде СБО көбеюіне байланысты 2008 жылдан бастап 50-60 жас аралығындағы әйелдерді толық тексеруден өткізетін «маммографиялық скрининг» деп аталатын ұлттық бағдарлама дүниеге келді, тексеруден тегін өту мүмкіндігі берілді. Осы тәсілдің арқасында СБО бірінші, екінші сатыларында дер кезінде анықтау 70 пайызға дейін жоғарылады.
Қатерлі ісіктің ерте білінетін белгілері: сүт безінде ауырмайтын түйіннің пайда болуы, түйін үстіндегі терінің тартылуы, сүт безі мөлшерінің едәуір ұлғаюы, емшек ұшының тартылуы және қозғалмауы, терінің нақты бір жерінің қызаруы немесе терінің лимон қабықшасы тәріздес өзгеруі, қолтықта бір немесе бірнеше түйіндердің пайда болуы, емшек ұшынан сұйықтық шығуы және ондағы патологиялық өзгерістер.
Егер сіз сүт безі қатерлі ісігіне шалдықсаңыз, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Қатерлі ісіктің алғашқы сатыларында толығымен емделуге болады. Уақытты созбай, мүмкіндігінше ерте, СБО қарайтын маммолог-дәрігеріне көрініңіз.
Ақжігіт Бақтияр,
Ордабасы аудандық емханасы онколог-дәрігері