Шымкентте сайлаушылар палаудан ауыз тиді

Oinet.kz 20-11-2022 839

Шымкентте Қызылжар шағынауданы Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №64сайлау учаскесінде дауыс берушілер палаудан дәм татты.

Screenshot_20221120-121342_WhatsApp.jpg

Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының бастамасымен жайылған дастарханнан дәм татқан қариялар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.⁣⁣⠀

– Мұндай науқан кезінде бірлік пен татулықтың маңызы зор. Қазақтың дастарханы қашан да ынтымаққа себепкер болған. Бүгін сайлаушылар үшін дастархан жайып, дәм ұсынудың негізігі мақсаты да сол – бірлігімізді бекемдеу. Оның үстіне сайлау деген – мереке. Шымкенттің қай мерекесі палаусыз өткен?! – деді «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов. ⁣

Айта кетейік, қаладағы №64 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 012 тұрғын тіркелген. Оның 17-сі өз таңдауын алғаш рет жасады. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. 

«Шымкент келбеті»

Ғасыр жасаған кейуана үй жағдайында дауыс берді
Майра Мұхамедқызы сайлаушыларды әсем әнмен қарсы алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу